• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ…

БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МҮДДЕСІ – КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА!

🔰 7 қараша күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымына қарасты Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің Атқару комитеті отырысы өтті. Отырысты аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ержан Исатаев жүргізді.

🔰Іс-шараға Атқару комитетінің мүшелері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және аудандық комитет мамандары қатысты.

🔰Отырыста аудандық кәсіподақ комитетінің жыл басынан бері атқарған жұмыстары қорытындыланып, еңбек және әлеуметтік құқықтарды қорғау, кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер жан-жақты талқыланды.

🔰Кездесу барысында Ержан Исатаев кәсіподақ ұйымдарының негізгі мақсаты – білім және ғылым саласы қызметкерлерінің заңды құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғау екенін атап өтті. Ол ұжымдық келісімшарттардың сапасын арттыру, еңбек қатынастарындағы әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

🔰Сонымен қатар, Бахтияр Абдураимов еңбек және әлеуметтік құқықтарды қорғау бағытындағы жұмыстар туралы сөз сөйлеп, сала қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Ол бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейтудің қажеттілігін ерекше атап өтті.

🔰Отырыс соңында қатысушылар өз ұсыныстарын білдіріп, кәсіподақ қызметін жетілдіру бағытында пікір алмасты. Атқару комитетінің мүшелері қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауда ұстауға уағдаласты.

✳️ Сауран аудандық кәсіподақ комитеті алдағы уақытта да өз мүшелерінің құқықтарын қорғау мен әлеуметтік қолдау шараларын күшейту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Жарияланған күні: Қар. 7, 2025
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты