• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАС МАМАНДАРДЫ ҚОЛД…

ЖАС МАМАНДАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ШАРА

Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитетіне қарасты Ақын-тұма №11 жалпы білім беретін мектебінде химия пәні мұғалімі Нафиса Маммаддинова және биология пәні мұғалімі Насиба Абулованың ұйымдастыруымен жас мамандар арасында «Smart Science: Химия мен биологиядағы жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбындағы «Қызық екен...» интеллектуалды ойыны кең көлемде, мазмұны терең әрі жаңашыл форматта өтті.

Шараның басты ерекшелігі – білім беру үдерісіне жасанды интеллект элементтерін енгізу арқылы мұғалімдердің заманауи технологияларды меңгеруіне жол ашу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және пәндік әдістемеде жаңа бағыттарды игеруге ынталандыру. Мұндай орта жас мамандарға тәжірибе алмасуға, ой бөлісуге, бір-бірінен үйренуге зор мүмкіндік берді.

Іс-шара телевизиялық шоу стилінде ұйымдастырылып, химия мен биология ғылымдарының қызықтылығын ашуға бағытталды. Интеллектуалды ойын барысында қатысушылар түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, логикалық ойлауын, теориялық білімін, шапшаңдық пен командалық жұмыс дағдыларын шыңдады. Командалар өзара бәсекелестік танытумен қатар, бір-біріне қолдау көрсетіп, достық атмосферасын қалыптастырды. Жас мамандардың ғылымға деген қызығушылығы, өз білімдерін жетілдіруге деген талпынысы ерекше байқалды. Бұл олардың кәсіби өсіп, дамуға деген үлкен ниетінің айқын көрінісі.

Ойын қорытындысында қатысушы топтар І, ІІ, ІІІ орындарға ие болып, мадақтамалармен марапатталды. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Кентау қалалық кәсіподақ комитеті білім саласындағы мұндай игі бастамаларды әрқашан қолдай отырып, жас мамандардың кәсіби дамуына бағытталған шаралардың жалғаса беруіне тілек білдіреді. Осындай мазмұны бай іс-шаралар ұстаздардың құзыреттілігін арттырып, білім сапасының жақсаруына зор үлес қосатыны сөзсіз.

Жарияланған күні: Қар. 14, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты