• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

📝«Ұстаз» деген ұлы ұғым — адамзат баласына ізгілік пен білім нұрын себуші абзал жандарға ғана лайық атақ. Сол асыл мамандықтың иесі, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында бар күш-жігерін арнап жүрген жанның бірі – Қобда ауданы Бегалы негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрғалиева Айгүл Владимировна.

🖇️Айгүл Нұрғалиева 1970 жылдың 15 сәуірінде Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызылту ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Бегалы орта мектебін тәмамдап, 1992 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультетін «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Сол жылы Бегалы орта мектебіне қызметке орналасып, содан бері ұстаздық жолынан айныған емес.

🗞️Ұзақ жылдар бойы білім беру саласында абыроймен еңбек етіп келе жатқан, «Педагог-зерттеуші» санатына ие тәжірибелі маман өз ісінің нағыз шебері атанып отыр. Ұстаздың қарапайымдылығы, ұқыптылығы және еңбексүйгіштігі оны әріптестері мен оқушыларының арасында ерекше құрметке бөлейді.

📃Айгүл Нұрғалиеваның шәкірттері қала, облыс, республика және халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобаларда үздік нәтиже көрсетіп жүр. Оның оқушылары республикалық «Ақберен» байқауында, «Зерде» жобалар конкурсында және пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып келеді.

✳️Көпжылдық еңбегі мен жетістіктері ескеріліп, ол Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының «Білімі мен шығармашылық шеберлігі үшін» Алғыс хатымен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталған. Сондай-ақ республикалық және облыстық пәндік олимпиадаларда І дәрежелі дипломдар иегері атанып, облыстық педагогикалық олимпиадада І орын алған.

📂Айгүл Нұрғалиева – өз кәсібіне адал, шығармашылыққа жаны құмар, ұжым мен ата-анамен бірлесе жұмыс істей білетін білікті ұстаз. Ол жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді басты міндеті санайды. Ел ертеңінің іргетасын қалайтын, жас ұрпаққа жол көрсететін мұндай ұстаздар нағыз еңбек адамдары, қоғамның рухани тірегі. Айгүл Нұрғалиева – ұлағатты ұстаз, шәкірт жүрегіне жол таба білген өнегелі тұлға.

Жарияланған күні: Қар. 17, 2025
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты