БІРЛІК ПЕН ТЕҢДІК – ҰЖЫМНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ
Жұмыс орнындағы гендерлік тепе-теңдік – заманауи ұжым мәдениетінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ерлер мен әйелдердің кәсіби дамуға тең қолжетімділікке ие болуы, әрқайсысының қабілеттерін толық іске асыруына мүмкіндік береді. Мұндай орта қызметкерлердің өзара сыйласымдылығын арттырып, ұжымдық өнімділікті жақсартады. Гендерлік теңдік тек құқықтық міндет қана емес, сонымен қатар ұжымның тұрақты дамуы мен кәсіби мәдениетті қалыптастыратын басты құндылық болып табылады.
Осы орайда Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитетіне қарасты Кентау оқушылар үйінде 25 қараша күні «Салауатты өмір – болашақ кепілі» атты мекеме қызметкерлері арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық ынтымақты арттыру және қызметкерлердің белсенділігін көрсету болды.
Қатысушылар әр түрлі сайыс кезеңдерінен өтіп, өз ептіліктері мен шеберліктерін көрсетіп, ортақ мақсатқа жету үшін бірігіп жұмыс істеді.
Жарыс ұжым бірлігін нығайтып, ерлер мен әйелдердің тең мүмкіндіктерге ие екендігін іс жүзінде көрсетті.
Қызметкерлердің бірдей мүмкіндіктермен қатысуы және бірлесіп жарысуы – гендерлік тепе-теңдіктің жұмыс орнында нақты іске асырылуының айқын көрінісі. Кентау қалалық кәсіподақ комитеті алдағы уақытта да осындай шараларды қолдап, әділдікке, бірлікке және тең мүмкіндіктерге негізделген еңбек ортасын дамытуға бағытталған жұмыстарын жалғастыра береді.
-
Фото
-