• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОР…

БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

​Жаңа ғасыр басында еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінің қарқынды дамуымен бірге Қазақстан білім берудің жаңа кезеңіне аяқ басты. Демографиялық өсіммен қатар ана мен бала саулығы, әсіресе денсаулығында туа бітті ақауы бар балалардың қоғамға бейімделуі өзекті мәселеге айналды. Бұл ретте ерекше балаларды медициналық, педагогикалық-психологиялық қолдау бағытында дамыту үшін алғаш рет өңірде Балаларды оңалту орталығы іске қосылды. 2000 жылдары аймақта басшылық еткен Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен тұсауы кесілген жаңа нысанда, 0 жастан 18 жасқа дейінгі ерекше балалар тегін инклюзиялық көмек алуға мүмкіндік алды. Балалардың кешенді, жан жақты түзете дамуы үшін оңалту орталығына арнайы білім берудің тәжірибелі мамандары тартылып, басшылық қызметке жоғары санатты дәрігер-невропотолог, медицина ғылымдарының кандидаты – Құрақов Нұрлан Нысанғалиұлы жетекшілік етті.

​Ғасыр бастауындағы жылдар оңалту орталығы үшін жаңа сын қатерлер, қалыптасу мен нысанның жұмысын жүйелі іске асыруға арналды. Бұл кезеңде мамандарды оқыту, олардың кәсіби дамуын қолдау, үздік шетелдік және отандық оңалту әдістерін енгізу жүре бара өз жемісін берді. Тәртіп. Талап. Табандылық. Орталықтың үздіксіз дамуының үш негізгі принцпі. Аймақтағы экологиялық ахуал, жүйке-жүйелері ауруларының дендеп көбеюі, туу көрсеткіштерінің артуында ана мен бала саулығы, ақыл ойы мен сөйлеу тілінің кемістігі бар балаларға жіті мән беруге алып келді. Оңалту орталығы ел бұрын соңды естімеген жаңа диагноздардың ортасына, ата-аналар мен сан түрлі ерекше балалардың шоғырланған ортасына айналды десек артық айтқандық емес.

​Орталықтың алғашқы директоры Нұрлан Құрақов мемлекеттік қызмет көрсету мекемесінің қалыптасуы мен өркендеуі жолында 10 жылдан астам еңбек етті. Орталықтың жұмысын жүйелі жолға қою, кадрлық сабақтастық пен демеушілердің ынтымақтастығын арттыруда еңбегі жоғары бағаланып, адал қызметі алғысқа бөленді. Ал 2017 жылдан бастап алдағы 8 жылға дейін орталықта басшылық қызметте болатын Бибігүл Сапарғалиқызы түзету мекемесінің жаңа тынысын ашып, цифрлық дәуірде жаңаруға бет алды. Бибігүл Сапарғалиқызы басшылығымен оңалту орталығы «ЭдуКвест», «Эдуплей», бірнеше сенсорлық тақталар мен тірек-қимыл қозғалысында қиындықтары бар балалардың арнаулы құралдарын алуға күш салды. Әсіресе демеушілер мен меценаттарды тарту, кәсіпкерлер мен қоғамның назарын ерекше балаларға аударуда орталықтың мүмкіндіктері артты. Кәсіпкерлер мен еріктілер, білім беру ұйымдары мен қайырымдылық қорлардың орталыққа жасаған шарапаты әр баланың көңіліне қуаныш, жүрегіне жылу сыйлауға сеп болды.

​27 қараша күні Абай орталығында өткен салтанатты жиналысқа Оңалту орталығының 25 жылдығында сала ардагерлері, мекеме басшылары, серіктес ұйымдардың өкілдері, демеушілер мен ата-аналар жиналды. Олар Балаларды оңалту орталығының мерейлі мерекелерімен қызу құттықтап, ұжымға ақжарма тілектерін арнады.

​

Салтанатты жиналыста сөз сөйлеген «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қоғамда әлеуметтендіру мен бейімдеудегі абыройлы еңбегі үшін бір топ қызметкерлерге ұйымның Құрмет грамотасын және бір мүшесіне «Атырау» шипажайына тегін жолдама тапсырды.

​

Атырау облыстық ұйымы

Жарияланған күні: Қар. 28, 2025
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты