• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • АДАЛ ЕҢБЕК ИЕСІ – А…

АДАЛ ЕҢБЕК ИЕСІ – АУЛА СЫПЫРУШЫ

Қоғамда әр мамандықтың өзіндік орны бар, себебі кез келген жұмыс – ортақ игілікке қосылған үлес. Кейбір мамандықтар көзге көп түсе бермесе де, олардың маңызы орасан зор. Солардың бірі — аула сыпырушы. Көпшіліктің көзіне елеусіз көрінетін бұл мамандық иелерінің еңбегі, шын мәнінде, үлкен құрметке лайық.​

Біздің №84 - бөбекжай балабақша ашылған күнінен бастап адал еңбегімен көзге түсіп жүрген – Әбілғазы Орманбеков. Ол өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету үшін бар күшін салатын еңбексүйгіш адам. Балабақша ашылған алғашқы күннен бастап өзінің табандылығымен, жауапкершілігімен көзге түскен жан. Күн сайын таң сәріден тұрып, балабақшаның ауласын, әр бұрышын таза ұстап келеді.

Отбасының тірегі, қамқоршысы болып отырған А.Орманбековтың еңбегі барша ұжымға үлгі. Ол тазалықты тек жұмыс емес, рухани тәрбие деп біледі. «Тазалық бар жерде – береке бар» деген ұстаныммен жүрген атамыз ұжымының нағыз абыройлы мүшесіне айналған. Осындай адал еңбегімен Абілғазы ата жас ұрпаққа еңбектің қадірін, қарапайым істің де үлкен маңызын көрсетіп келеді.​

Аула сыпырушы еңбегі — үнсіз ерлік. Оларсыз балабақшаның тазалығы да, жайлы ауласы да, жылы атмосферасы да болмас еді. Тазалық – тәртіп, ал тәртіп – табыс бастауы. Сол табыстың артында – ерен еңбегімен еліне қызмет етіп жүрген Абілғазы ата сияқты жандар тұр. Сондықтан біз Абілғазы атадай еңбексүйгіш, адал жандарды әрдайым мақтан тұтамыз!

Аула сыпырушы – ел ішіндегі мыңдаған еңбек адамының бір бөлігі ғана. Олардың еңбегі зор құрметке лайық. Сондықтан біз оларды сыйлап, еңбектерін бағалауымыз керек.

 

Ұ.Төлепберген,

№84 бөбекжай балабақша

бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.

Алматы қаласы

Жарияланған күні: Жел. 2, 2025
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты