• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • АҚТӨБЕДЕ СЕМИНАР-ТР…

АҚТӨБЕДЕ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

✏️Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы жанындағы Еңбекші әйелдер істері жөніндегі Комиссияның ұйымдастыруымен «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты жою» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараның басты мақсаты – цифрлық ортада көбейіп келе жатқан қауіптердің алдын алу, әйелдер мен қыздардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ білім беру саласында гендерлік зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу. Шараға Еңбекші әйелдер істері жөніндегі Комиссияның мүшелері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

📄Басқосу Комиссия төрағасы Жұмагүл Жұмабаеваның кіріспе сөзімен ашылды. Ол цифрлық кеңістікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек ақпараттық технология мамандарының ғана емес, әр педагогтың күнделікті міндетіне айналғанын атап өтті. Сонымен қатар, мұндай тренингтер тәжірибе мен пікір алмасуға мүмкіндік беріп, өзара қолдау мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін айтты. Бұдан кейін шара «Неке сақинасы – махаббат пен сенімнің символы» атты бейнесұхбатпен жалғасты. Кейіпкердің өмірлік тәжірибесіне негізделген бұл бейнематериал отбасылық сенім, тұлғалық шекара және қарым-қатынас мәдениеті туралы тың ой қалыптастырды.

📎 “JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығының психологиялық бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенғалиева «Неке сақинасы – махаббат пен сенімнің символы» атты бейнесұхбат мазмұнын негізге алып, залмен мазмұнды байланыс орнатты. Ол неке сақинасының отбасылық сенім, жеке шекара және қарым-қатынастағы жауапкершілік тұрғысынан алатын орнын түсіндіріп, қатысушылармен пікір алмасу ұйымдастырды. Сонымен қатар, некедегі сенімнің цифрлық ортада қалай сақталуы керектігі туралы маңызды мәселелерді көтеріп, ой қозғады.

📄Семинар-тренинг «Бетпердедегі адам» атты интерактивті тренингпен жалғасты. Қатысушылар цифрлық ортада жасырын әрекет ететін тұлғалардың қауіптілігі, фейк аккаунттар арқылы жасалатын қысым мен қудалау түрлері жөнінде практикалық ақпарат алды.

📝Шара барысында “JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары, магистр Арайлым Тоқсанбаева «Әйел құқығы – адам құқығы» тақырыбында мазмұнды психологиялық сессия өткізді. Бұл бөлімнің ерекшелігі – теориялық мәліметпен қатар, жасырын форматта (бетперде арқылы) өз оқиғасымен бөліскен кейіпкердің өмірлік тарихы ұсынылды. Қиын жағдайды бастан өткерген әйелдің ішкі күйзелісін сипаттаған әңгімесі эмоционалды және цифрлық зорлық-зомбылықтың адамның психикасына әсерін айқын көрсетті. Оның оқиғасы арқылы қатысушылар зорлық-зомбылықтың сырт көзге байқалмайтын қырларын түсініп, мұндай жағдайларда психологиялық қолдау көрсетудің тиімді тәсілдерін меңгерді.

🖇️«Цифрлық зорлық-зомбылықтың құрбаны» тақырыбын ашқан сессияда тағы бір жасырын кейіпкер – ауыл мұғалімінің тағдыры тыңдалды. Ол интернет-алаяқтардың арбауына түсіп, қысым мен манипуляцияның салдарынан үлкен көлемде несие рәсімдеуге мәжбүр болғанын баяндады. Оның жүрек тебірентерлік хикаясы цифрлық зорлық-зомбылықтың нақты салдарын, құрбанның психологиялық, материалдық және моральдық жағдайына тигізетін әсерін терең түсіндірді.

💠“JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығының әдіскері Медеухан Жасжанова қатысушылармен жұмыс жүргізіп, депрессиядан қорғану және эмоциялық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған психологиялық тренинг өткізді.

🖇️Жиын соңында қатысушылар сұрақ-жауап алаңында өздерін толғандырған мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасып, мамандардан кәсіби кеңес алды.

✳️Бұл семинар-тренинг қатысушылардың цифрлық қауіпсіздік, гендерлік теңдік және әйелдер құқығын қорғау бағытындағы білімін жетілдіріп қана қоймай, нақты өмірлік мысалдар арқылы мәселенің өзектілігін терең түсінуге мүмкіндік берді. Игі шара алдағы уақытта білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыруға өз үлесін қоспақ.

Жарияланған күні: Жел. 5, 2025
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты