• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК…

ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНҒАН ОТЫРЫС

🧩Ақтөбеде Мұғалжар аудандық Еңбекші әйелдер комиссиясының отырысы «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны Еңбекші әйелдер комиссиясының төрағасы Сандуғаш Иманалина жүргізді.

🗞️Дөңгелек үстелдің мақсаты — цифрлық кеңістікте жиі кездесетін қудалау, қорқыту, рұқсатсыз сурет және видео тарату, онлайн-буллинг сияқты қауіптердің алдын алу, сондай-ақ қоғамда бұл мәселеге қатысты түсінік пен жауапкершілікті арттыру болды.

✅Жиынға Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы жанындағы Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның төрағасы Жұмагүл Жұмабаева, Мұғалжар ауданы полиция бөлімінің отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Әсел Шолақова, «Қамқор» отбасы қолдау орталығының директоры Салтанат Сұлтанова, Қандыағаш қаласындағы №3 мектеп-гимназияның директоры Данагүл Ибрашева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұлдыз Ахметбекова, психологтар және жастар қатысты.

📎Қатысушылар цифрлық зорлық-зомбылықтың жаңа түрлерін талқылап, оны тоқтатудың тиімді жолдары, құқықтық қорғану тетіктері, ақпараттық қауіпсіздікті күшейту мәселелері және алдын алу жұмыстары бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ қатысушыларға арналған тренингтер ұйымдастырылды.

📄Іс-шара соңында қатысушылар қоғамды интернетте қауіпсіз орта қалыптастыруға шақырды.

Олар әйелдер мен қыздардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету — барлығымыздың ортақ міндетіміз екенін атап өтті. Әрбір адамның онлайн кеңістікте өзін еркін әрі қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау маңызды. Осындай іс-шаралар қоғам мүшелеріне ортақ жауапкершілікті сезіндіруге, қауіпсіз және саналы цифрлық мәдениет қалыптастыруға ықпал ететіні айтылды.

Жарияланған күні: Жел. 8, 2025
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты