• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕС…

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕССТЕ БИОФИЗИКА САЛАСЫНЫҢ ЖАҢА ҚЫРЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

✔️Түркияның Анталья қаласында Türk Eğitim-Sen және UAESEB ұйымдастыруымен инженерлік ғылымдар мен жаратылыстану бағытындағы V Халықаралық ғылыми конгресс өтіп жатыр. Шара Түркі дүниесінің көрнекті өкілі, профессор Октай Синаноғлуның 90 жылдық мерейтойы мен 10 жылдық еске алуына арналды. Форумға әлемнің түрлі елдерінен ғалымдар, университет мамандары, зерттеушілер және жас ғылыми кадрлар қатысуда.

✅Халықаралық жиында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, PhD Жандарбек Иманчиев «Адам денесіндегі биофизикалық ерекшеліктер және механикалық параметрлерді есептеу» тақырыбында баяндама жасады. Ғалым адам ағзасындағы негізгі физикалық процестердің жұмысын түсіндірудің биофизика үшін маңызын көрсетті. Ол ағзадағы қозғалыс, тыныс алу, энергия алмасу секілді құбылыстарды физикалық заңдармен салыстырып талдап, адам денесінің кейбір механикалық параметрлерін тәжірибелік жолмен есептеп шыққанын атап өтті.

📖Айта кетейік, биылғы конгрестің ғылыми бағдарламасына 459 баяндама енгізілген. Солардың ішінде Қазақстан ғалымдарының зерттеулері айрықша орын алады. Қазақстандық делегаттар ұлттық сусын өндірісінің инновациялары, жасанды интеллектті білім беру үдерісіне енгізу, экологиялық мониторинг, жаңа материалдар синтезі, балдырларды өңдеу технологиялары, энергия тиімділігі, ТКШ саласын цифрландыру, биофизикалық зерттеулер және өзге де бағыттар бойынша әзірлемелерін таныстырды.

💠Халықаралық бұл басқосу Қазақстан ғалымдарының кәсіби деңгейін айқын көрсетіп, олардың зерттеулеріне шетелдік әріптестердің қызығушылығын арттырды. Конгресс аясында жаңа ғылыми байланыстар орнап, бірлескен жобалар мен ынтымақтастық мүмкіндіктері кеңейе түсті.

Жарияланған күні: Жел. 8, 2025
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты