• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ ТҮС…

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

🔰 Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Ақтөбе автожол колледжінде және Ақтөбе сервис колледжінде келісу комиссиясының мүшелері үшін «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында семинар өткізді.

📑 Бұл семинар «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабының 5-тармағына сәйкес ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек заңнамасының негізгі қағидаларын түсіндіру, сондай-ақ ұжымдық шарттың мазмұны мен келісу комиссиясының жұмыс тәртібі жөнінде ақпарат беру.

✅ Семинар барысында кәсіподақ заңгерлері Александр Алимпиев пен Нұрлан Жетпісбай еңбек және әлеуметтік құқықтарды қорғау тетіктеріне тоқталып, еңбек дауларының туындау себептері туралы жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар еңбек ұжымындағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлер денсаулығын нығайтудағы рөлі туралы ақпарат берілді. Келісу комиссиясы туралы ережелер, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі, келіссөз жүргізу мәдениеті және еңбек дауларын жанжалсыз шешу жолдары да талқыланды.

🧩📃Айта кетейік, Келісу комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін орган болып саналады және кәсіподақ комитеті мен ұйым әкімшілігі өкілдерінің тең санынан құрылады. Комиссия үш жылға дейінгі мерзімге, яғни ұжымдық шарттың немесе әлеуметтік әріптестік келісімінің қолданылу кезеңіне сай қалыптастырылады.

✔️ Тыңдаушылар семинардың практикалық маңыздылығын атап өтіп, мұндай шаралар еңбек дауларын заң аясында тиімді шешуге, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға зор көмегін тигізетінін жеткізді.

Жарияланған күні: Жел. 11, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты