• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

✅Қазіргі таңда жас ұрпаққа жан-жақты білім мен саналы тәрбие беріп, шәкірт жүрегіне жол таба білетін ізгі жандар аз емес. Солардың бірі – Шалқар ауданы Б.Сүлейменов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Көптілеуова Майра Ниетқалиқызы.

🔆Майра Көптілеуова 1972 жылдың 24 мамырында Шалқар ауданының Ақтоғай совхозында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдап, ұстаздық жолын өзіне білім мен тәрбие берген Айшуақ қазақ орта мектебінде бастайды. Бүгінде ол жас буынға сапалы білім беруде отыз жылдан астам тәжірибесі бар білікті педагог, талапшыл ұстаз.

📖Ұзақ жылдар бойы Майра Көптілеуова білім саласында түрлі жауапты қызметтерді мінсіз атқарып келеді. Ол мектептің кәсіподақ төрағасы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерінде еңбек ете отырып, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

🖇️Педагог-зерттеуші ретінде ұстаздың еңбегі шәкірт жетістіктері арқылы да айқындалады. Оның дайындаған оқушылары жыл сайын аудандық, облыстық пән олимпиадаларында, ғылыми жобаларда, шығармашылық байқауларда жүлделі орындарға ие болып келеді.

📚Ізденімпаз ұстаздың әдістемелік еңбектері де ерекше назар аударарлық. Майра Ниетқалиқызының «Қазақ тілі пәнінен 6-сынып оқушыларына мәтінмен жұмысқа арналған тапсырмалар» атты авторлық бағдарламасы облыс көлемінде таратылды. Сонымен қатар, «Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың тілдік және коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту», «Мақал-мәтелдердің мағыналық дамуы», «Әнді сүйсең, менше сүй» сынды мақалалары республикалық басылымдарда жарық көріп, педагогикалық қауымға ой салды.

📋Ұстаздың ерен еңбегі елеусіз қалған емес. Ол облыстық, республикалық деңгейдегі талай марапатқа ие болды. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты, 2024 жылы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы, сондай-ақ салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасына ие болуы білім саласындағы сүбелі еңбегінің лайықты бағасы.

🗞️Қай істе болсын жауапкершілігі жоғары, адамгершілігі мол, адал еңбегімен ерекшеленетін Майра Ниетқалиқызы өз ісінің маманы ғана емес, жас ұрпаққа жанашырлықпен қарайтын, болашаққа қаланатын іргетасты берік қалыптастырып жүрген нағыз еңбек адамы.

Жарияланған күні: Жел. 15, 2025
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты