• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

🗞️Бүгінгі білім беру саласында балалардың психологиялық саулығы мен тұлғалық дамуына бағытталған жұмыстардың маңызы ерекше. Осы жауапты да игілікті міндетті абыроймен атқарып жүрген жас әрі білікті мамандардың бірі – Зинадин Айзат Жеткергенқызы.

📋 Айзат Зинадин 2016 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте, Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде және №1 қазақ жалпы білім беретін мектепте педагог-психолог болып еңбек етті.

📎Қазіргі таңда «Балдырған» бөбекжай-бақшасында педагог-психолог қызметін атқарып келеді. Балабақшадағы балалардың психологиялық даму деңгейін анықтап, олардың жас ерекшеліктеріне сай түзету-дамыту жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізіп отырады. Сондай-ақ ерекше білімді қажет ететін балаларға жеке жоспар әзірлеп, нақты бағытталған психологиялық көмек көрсетіп келеді.

🖇️Айзат Зинадин кәсіби шеберлігінің арқасында аудандық және облыстық деңгейдегі түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Оның қатарында аудандық «Үздік психолог – 2023» байқауындағы І орын, «Үздік психолог – 2024» марапаты, «Ең үздік тренинг – 2025» байқауындағы І орын және облыстық деңгейдегі «Ең үздік тренинг – 2025» сайысында алған ІІІ орын бар. Сонымен қатар семинарлар мен кәсіби іс-шараларға белсенді қатысып, көптеген алғыс хаттар мен сертификаттарға ие болды.

✒️Жас маман кәсіби тәжірибесін әлеуметтік желі арқылы да бөлісіп, педагог-психологтар қауымдастығына әдістемелік қолдау көрсетуде. Ол ұсынған ойындар мен әдістер жас мамандарға шабыт болып, кәсіби дамуға жол ашуда.

✏️Зинадин Айзат Жеткергенқызы «Әр балаға психологиялық қолдау арқылы ішкі әлемінің есігін ашу» қағидасын ұстанады. Ізденімпаздығы мен құштарлығы мол маман қазіргі таңда балалардың, ата-аналардың және әріптестерінің сенімі мен жоғары бағасына ие.

Жарияланған күні: Жел. 17, 2025
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты