• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БІЛІМ САПАСЫН ШЫҢДА…

БІЛІМ САПАСЫН ШЫҢДАҒАН ОҚУ ОРЫНБАСАРЫ

Ұстаз бір ғана мамандықтың атауы емес. Бұл – жүректің таңдауы, жанның тазалығы, адалдық пен адамдықты талап ететін ұлы жол. Ұстаз болу – өмір бойы іздену, үйрену және үйрету. Шәкірт үшін ұстаз – алғашқы бағыт беруші, ең сенімді тірек. Шәкірттің әрбір жетістігі – ұстаздың қуанышы, қателігі – ұстаздың қамы.

Себебі нағыз ұстаз әр баланың жүрегіндегі жарықты көріп, оның жануына себепші болатын жан. Мұндай биік қасиет екінің біріне бұйырмайды, ол ұстаздыққа шын берілген, жүрегі мейірімге толы жанға ғана тән.

Осындай құнды қасиеттердің барлығын бойына сіңіре білген, абыройы биік, мақтауға лайық ұстаздардың бірі – Хасанов Розибай Омарұлы. Ол бүгінгі күнге дейін 13 жылдан бері еңбегін бала тәрбиесі мен сапалы білім ісіне арнап келеді.

«Шаш-төбе» жалпы білім беретін мектебінде бірінші санатты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары әрі педагог-зерттеуші біліктілік санатындағы география пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқарады. Оның басты мұраты – тек білім беру емес, шәкірттерді ойлануға, зерттеуге, табиғатты түсінуге және оны бағалай білуге үйрету.

Розибай Омарұлы қызмет барысында өзін жауапкершілігі жоғары, оқу процесін жүйелі ұйымдастыра алатын, жаңашылдыққа жаны жақын оқу орынбасары ретінде көрсете білді. Озық әдістемелерді енгізу, жаңартылған білім мазмұны бойынша сапалы сабақ жүргізу, жасанды интеллектті тиімді қолдану, білім сапасын арттыру бағытында тындырымды іс атқаруда.

Мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдауда, оқушылардың үлгерімін жақсартуда, мектептің білім беру деңгейін жаңа белеске көтеруде ерекше еңбек етіп келеді. Әріптестері оны талапшыл басшы, әділ жетекші, жаңашыл ұстаз ретінде бағалайды.

Оның еңбегіне берілген баға да өз деңгейінде көрініс табуда. Розибай Омарұлы 2023 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алғыс хатымен, сондай-ақ 2023 және 2025 оқу жылдарында Түркістан облысы Білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Бұл марапаттар оның тынбай атқарған еңбегінің, адалдығының, біліктілігі мен жауапкершілігінің айқын дәлелі. Кентау қалалық кәсіподақ комитеті білім сапасын шыңдап, ұстаздықтың абыройын арттырып жүрген Розибай Омарұлы сияқты кәсіби мамандарды әрдайым мақтан тұтады!

Жарияланған күні: Жел. 17, 2025
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты