• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ – ҮЗ…

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ – ҮЗДІК БАСШЫ

🗞️Ұжымның бірлігі мен табысты жұмысы ең алдымен басшының іскерлігіне, адамгершілігіне және кәсіби шеберлігіне байланысты. Осындай қасиеттердің барлығы Ойыл ауданындағы Қаракемер мектеп-балабақшасының директоры Есқалиева Бақыт Мүбаракқызының бойынан толық табылады.

🧩Есқалиева Бақыт Мүбаракқызы 1989 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын «Математика және физика» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын Н.К.Крупская атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 1994 жылы мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарса, 1995 жылдан бастап Қаракемер негізгі мектебінде оқу ісі жөніндегі орынбасар болды. Ал 2018 жылдан бері Қаракемер мектеп-балабақшасының директоры қызметін абыроймен атқарып келеді. Педагогикалық еңбек өтілі – 30 жыл, біліктілігі жоғары санатты маман.

📄Көпжылдық тәжірибесі бар білікті педагог ретінде Бақыт Есқалиева ұжымдағы әрбір ұстаздың кәсіби дамуына жағдай жасап, оқушылардың сапалы білім алуына ерекше мән береді. Оның басшылығымен мектеп ұжымы бір мақсатқа жұмылып, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі байқаулар мен шараларда жоғары жетістіктерге жетіп келеді.

✏️Ұстаз тәрбиелеген шәкірттер білімділігімен, ұйымшылдығымен ерекшеленіп, әр салада табысты еңбек етуде. Сонымен қатар ол жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолын енді бастаған педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетіп келеді. Аудан көлемінде ұйымдастырылған семинарлар барысында өзінің еңбекқорлығы мен жауапкершілігін дәлелдеген беделді жетекші.

📋Бақыт Есқалиева мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтуға да ерекше көңіл бөледі. Ата-аналар жиналыстарына, мектепішілік іс-шаралар мен жарыстарға белсене қатысып, әрдайым бағыт-бағдар беріп отырады.

🔆Кәсіби дамуға ұдайы мән беретін басшы ретінде ол 2018 жылы Ақтөбе қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы орталығында «Математика» пәні бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті. 2019 жылы Астана қаласында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары» курсын тәмамдады. Сондай-ақ «Математика пәнінен олимпиадалық есептерді шығару тәсілдері», «Тәжірибедегі рефлексия» курстары бойынша сертификаттарға ие.

✒️Еңбегі еленіп, 2016 жылы Облыстық білім басқармасының, 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен, ал 2020 жылы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

📎Мектеп директорының басты ұстанымы – «Білімді ұрпақ – ел болашағы». Осы қағиданы негізге ала отырып, ол оқу-тәрбие үрдісін заман талабына сай ұйымдастырып, жаңа технологияларды тиімді қолдануға, ұстаздар мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар атқаруда.

📃Бүгінде Қаракемер мектеп-балабақшасының жетістігі мен беделі Есқалиева Бақыт Мүбаракқызы бастаған ұжымның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Ол – өз ісіне адал, жаңашыл, шәкірт жүрегіне жол таба білген, әріптестеріне бағыт-бағдар беретін білікті көшбасшы.

Жарияланған күні: Жел. 22, 2025
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты