• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАМБЫЛДА ЖЫЛ ҮЗДІКТ…

ЖАМБЫЛДА ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен «Турист» қонақ үйінің мәжіліс залында 2025 жылдың үздіктерін марапаттауға арналған жиын өтті. Жаңа жыл қарсаңындағы салтанатты іс-шараға филиал төрағалары, құқықтық инспекторлар мен есепші мамандар, кәсіподақ меншігіндегі құрылым қызметкерлері қатысты.

Мерекелік жиында сөз алған Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков барша қызметкерлерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сала-қызметкерлері-кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғауда әрбір қызметкердің үлесі маңызды екенін атап өтіп, облыстық ұйымның жетістіктеріне тоқталды.

- Өтіп бара жатқан жыл біз үшін табысты болып, елеулі жетістіктер мен тың бастамаларға толы болды. Биыл Қазақстан кәсіподақтарының 120, кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығы мен төл басылым - «Еңбекші» газетінің 10 жылдығын лайықты түрде атап өттік. Жергілікті кәсіподақ ұйымы республикада екінші жыл қатарынан үздік атанып, көш бастады. Бұл жетістіктердің барлығында Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен сүбелі үлесіңіз бар. Осындай адал қызметтеріңіз бен жасампаз еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін!, - деді Ерұлан Сәбенұлы.

Бұдан кейін бірнеше бағыт бойынша жыл қорытындысы бойынша үздік атанған филиалдар мен қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Ең алдымен кәсіподақтық «Еңбекші» газетінің жазылымын ұйымдастыруда белсенділік танытқан Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Шу, Жуалы, Байзақ, Мойынқұм аудандары мен Тараз қалалық филиалдарының нәтижелі жұмысы атап өтілді.

Бұдан соң кәсіподақтың жарғылық мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда адал еңбек етіп, жоғары жауапкершілік таныту арқылы аймақтағы кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Кәсіподақтың Қордай аудандық филиалының төрағасы Қарлығаш Қыпшақбаева, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің кәсіподақ комитетінің есепші-маманы Алла Харина және «Қорғау-Тараз-2005» ЖШС бас бухгалтері Айгүл Егембердиева марапатталды.

Жиын барысында жылдағы дәстүрге сай өз саласы бойынша табысты еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтың еңбегі еленіп, шипажай жолдамасының сертификаты берілді. Олар Кәсіподақтың Меркі аудандық филиалының төрағасы Мадина Асанжанова, Қордай ауданы бойынша құқықтық еңбек инспекторы Бауыржан Алпысбаев, Сарысу аудандық филиалының есепші-маманы Эльвира Ахунова, «Тараз-Профсоюз-Турист» мекемесінің қызметкері Елена Переверова мен «Еңбекші» газетінің дизайнері Жанат Садырбаева.

- Бүгін мен үшін күтпеген жағдай орын алып отыр. Бұл менің ғана емес, менімен бірге болған, қолдау көрсеткен әріптестерімнің де ортақ жетістігі. Барлық әріптестеріме, қолдау көрсеткен жандарға алғысымды білдіргім келеді, - дейді жыл үздігі атанған Жанат Тынышбекқызы.

Жиын соңы мерекелік құттықтауларға ұласып, барлық қызметкерлерге жаңа жылдық сыйлықтар табыс етумен қорытындыланды.

 

Жамбыл облыстық ұйымы.

Жарияланған күні: Жел. 30, 2025
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты