• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

📗Ұстаз – ұлт болашағын қалыптастыратын, білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, жас ұрпақтың жүрегіне жол таба білетін қасиетті мамандық иесі. Осындай жауапты да мәртебелі жолды саналы ғұмырында абыроймен атқарып келе жатқан білікті педагогтардың бірі – Шақпақова Гүлмира Амантайқызы.

📄Гүлмира Шақпақова 1996 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық университетін биология мұғалім мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын ерте бастаған жан.

🔸Педагогикалық қызметін 1988 жылы Хромтау ауданындағы Степной орта мектебінде химия және биология пәндерінің мұғалімі ретінде бастаған ол, ұстаздық жолда жинаған тәжірибесі мен кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп отырды. 2012 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін №2 Хромтау гимназиясында биология пәнінің мұғалімі болып жемісті еңбек етіп келеді.

📙Гүлмира Шақпақова – жаңашылдыққа ұмтылатын, заманауи білім беру талаптарын терең меңгерген педагог. Ол «Биологияны тереңдетіп оқыту» әдістемелік құралының, 8-сыныптарға арналған ағылшын тілі енгізілген «Адам анатомиясы» гимназиялық құрылым бағдарламасының, сондай-ақ биология пәні мұғалімдеріне арналған «Функционалдық сауаттылық: тәжірибенің тиімді әдістері» атты электронды ортаның авторы.

📎Ұстаздың еңбегі жоғары бағаланып, 2023 жылы «Ақтөбе облысының үздік мұғалімі» атағына ие болды. Сонымен қатар, «Үздік портфолио» республикалық байқауының (2022 ж.), «Үздік ашық сабақ» республикалық байқауының (2022 ж.), «ПедОлимп» республикалық олимпиадасының (2023 ж.) жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, Шақпақова Гүлмира Амантайқызы информатика және биология пәндеріне ағылшын тілін енгізу бағытында жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдердің шығармашылық тобын басқарады, емтихан материалдарын әзірлеу бойынша облыстық биология мұғалімдері бірлестігінің белсенді мүшесі.

📚Гүлмира Шақпақованың кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі – шәкірттерінің жетістігі. Оның оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жүлделі орындарды иеленіп келеді. Ол шәкірттеріне ғана емес, жас мамандарға да үлгі болып, білім жолындағы биік белестерге жетуге шабыт беретін нағыз еңбек адамы.

Жарияланған күні: Қаң. 12, 2026
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты