• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНДА…

ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТӨРАҒА

☑️Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Әйтеке би ауданының есептік-сайлау конференциясына қатысты. Жиынға аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, әлеуметтік әріптестер мен кәсіподақ белсенділері қатысты.

📑Жиында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Раушан Серікова есеп беріп, өткен жылы атқарылған жұмыстар мен негізгі нәтижелерге тоқталды. Кәсіподақ қызметі білім және ғылым саласы қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, еңбек қатынастарын тұрақтандыруға және кәсіби дамуына қолдау көрсетуге бағытталды.

🔸Айта кетейік, білім саласындағы жұмыс берушілермен өзара тиімді ынтымақтастық орнатылып, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізілді. Сонымен қатар кәсіподақ мүшелеріне құқықтық кеңес беру, еңбек дауларын алдын алу және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар атқарылды. Әлеуметтік қолдау мен қоғамдық белсенділікті арттыру да кәсіподақ жұмысының маңызды бағыты болды. Қызметкерлердің денсаулығын нығайту, демалысын ұйымдастыру, мәдени-танымдық іс-шаралар өткізу бағытындағы жұмыстар жалғасын тапты. Әйелдер мен жастармен жұмыс жанданып, олардың бастамаларын қолдауға және кәсіподақ қозғалысына тартуға басымдық берілді.

📋Сөз соңында облыстық ұйым төрағасы Раушан Серікова бірқатар үздік кәсіподақ белсенділеріне Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының марапаттарын табыстады.

📃Жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Сәулеш Біртаева сөз сөйлеп, білім саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғау, еңбек жағдайын жақсарту бағытында кәсіподақ ұйымымен бірлесе атқарылып жатқан жұмыстардың оң нәтижесін атап өтті. Сондай-ақ алдағы кезеңде де өзара ынтымақтастықты нығайтып, педагогтар мен білім беру мекемелері қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді. Сонымен қатар білім беру мекемелерінің кіші қызметкерлеріне шипажайларға жолдама сертификаттары, аудандық кәсіподақ ұйымы мен білім бөлімінің бірлескен алғыс хаттары тапсырылды.

✨Жиында көпшіліктің бірауыздан қолдауымен, ашық дауыс беру арқылы Әйтеке би ауданының кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Ахметов Мейрамбек Болатбайұлы сайланды.

Жарияланған күні: Қаң. 15, 2026
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты