• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

✏️Ұстаздың әрбір айтқан сөзі мен үйреткен әрбір сабағы шәкірт тағдырына бағыт беретін баға жетпес қазына. Қиын сәтте демеу болып, жетістікке жеткенде бірге қуана білетін, жүрек жылуын шәкірт бойына сіңіре алатын жандар – нағыз ұстаздар. Осындай ұлағатты ұстаздардың бірі – Тайгөзова Сайра Қайырбайқызы.

📄Сайра Тайгөзова Ақтөбе облысы Қобда ауданына қарасты Бестау мектеп-бөбекжай-балабақшасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі әрі қосымша әлеуметтік педагог қызметін абыроймен атқарып келеді. Педагогикалық еңбек өтілі – 20 жыл.

📚Болашақ мамандығын жүрек қалауымен таңдаған Сайра Тайгөзова 2006–2009 жылдары Әлия Молдағұлова атындағы колледжде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алып, кейін 2014–2017 жылдары Батыс Қазақстан технологиялық-инновациялық университетінде осы мамандық бойынша жоғары білімін толықтырды. Еңбек жолын 2006 жылдан бастап, бүгінгі таңда педагог-сарапшы санатына ие болып отыр.

📝Ұстаз үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білім беру саласындағы тың жаңашылдықтарды өз тәжірибесінде тиімді қолдана білетін жаңашыл педагог. Оның жемісті еңбегі түрлі деңгейдегі марапаттармен лайықты бағаланып келеді. Атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында өткен облыстық педагогикалық олимпиадаларда бірнеше мәрте жүлделі бірінші және үшінші орындарды иеленген. Сондай-ақ Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының, Салалық кәсіподақтың Құрмет грамоталарымен, аудандық білім бөлімінің бірнеше Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

📎Сайра Тайгөзованың еңбегінің жемісі – оның шәкірттерінің жетістіктерінен айқын көрінеді. Бірнеше шәкірті «Алтын белгі» иегері атанса, аудандық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар түрлі шығармашылық байқауларда облыстық деңгейде екінші, үшінші орындарды жеңіп алып, ұстаз абыройын асқақтатуда.

✨Қорыта айтқанда, Тайгөзова Сайра Қайырбайқызы – білім беру саласында мол тәжірибесі бар, кәсіби шеберлігімен, шығармашылық ізденісімен ерекшеленетін нағыз ұлағатты ұстаз, өз ісінің шебері.

Жарияланған күні: Қаң. 16, 2026
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты