• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒ…

ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

📃 Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жылдық есеп беру жиыны өтті. Маңызды басқосуға Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері, аудандық білім саласының басшылары және 100-ге жуық кәсіподақ мүшесі қатысты.

✒️Жиын барысында алдымен Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова облыстық кәсіподақ ұйымының 2025 жылы атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталды. Облыстық ұйым көшбасшысы өз баяндамасында салалық кәсіподақтың басты мақсаты – педагогтар мен білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, әлеуметтік әріптестікті дамыту екенін атап өтті. Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелеріне көрсетіліп жатқан құқықтық, әлеуметтік қолдаулар мен сауықтыру бағытындағы жұмыстарға ерекше тоқталды.

🔹Өз кезегінде аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрболат Даржан білім қызметкерлерінің құқықтарын қорғау, еңбек жағдайын жақсарту бағытындағы кәсіподақ ұйымымен бірлескен жұмыстың тиімділігін атап өтті.

📑Одан кейін Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Қуанышкерей Ибраев жылдық есеп беріп, аудандық кәсіподақ ұйымының бір жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы баяндады.

📎Аудандық кәсіподақ ұйымы төрағасының айтуынша, Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының құрамында 37 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Оның ішінде мектептер, балабақшалар, оқушылар үйі, өнер мектебі және білім бөлімі қамтылған. Бүгінде аудан бойынша кәсіподақ мүшелерінің басым бөлігін мұғалімдер құрайды, сондай-ақ кітапханашылар, лаборанттар, медицина қызметкерлері мен кіші қызметкерлер де кәсіподақ қатарында. Жас мамандар есебінен кәсіподақ қатары жыл сайын толықтырылып отыр.

📝Қуанышкерей Ибраев өз сөзінде кәсіподақ жұмысы «Еңбек кодексі», «Кәсіподақтар туралы» заң және әлеуметтік әріптестік келісімдер негізінде жүргізілетінін атап өтті. Аудандық кәсіподақ ұйымының басты бағыттары – педагогтардың құқықтарын қорғау, еңбек жағдайын бақылау, жалақының уақытылы төленуі, жүктеменің әділ бөлінуі, аттестация, еңбек қауіпсіздігі, медициналық тексеру, еңбек демалысы және коммуналдық жеңілдіктер мәселелері екенін жеткізді. Сонымен қатар кәсіподақ тарапынан құқықтық кеңестер беріліп, еңбек дауларын шешуге қолдау көрсетілетіні дәстүрге айналғаны айтылды. Білім қызметкерлерінің денсаулығын нығайту мақсатында шипажайларға жолдамалар беру, тарихи-танымдық сапарлар ұйымдастыру, спорттық және мәдени іс-шараларға қолдау көрсету кәсіподақ жұмысының маңызды бөлігі болып қала беретінін атап өтті.

✨Жас мамандарды қолдау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. Аудан мектептерінде жас ұстаздарға арналған семинарлар, шығармашылық байқаулар, тимбилдингтер, кәсіби форумдар ұйымдастырылып, үздік нәтиже көрсеткен жас педагогтар марапатталған.

📚Жиын барысында аудандық кәсіподақ ұйымының Жастар кеңесінің төрағасы Жандос Нұрлыбай сөз сөйлеп, жастармен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ол жас педагогтардың кәсіби дамуына, қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келе жатқанын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

🔸Басқосуда білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан ауданның 40-қа жуық білім қызметкері Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының марапаттарына ие болып, шипажайларға жолдама сертификаттары табысталды.

☑️Жалпы, жылдық есеп беру жиыны кәсіподақ ұйымының атқарған жұмысына оң баға беріп, алдағы уақытта кәсіподақ бірлігін нығайту, білім қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажеттігін көрсетті.

📌Жиыннан кейін ауданның кәсіподақ мүшелері облыстық ұйым өкілдерінен еңбек заңнамасына қатысты өзекті мәселелер бойынша заңгерлік кеңес алып, жеке сұрақтарын қойды. Кездесу барысында педагогтарды алаңдатқан еңбек қатынастары, әлеуметтік кепілдіктер, жалақы мен демалысқа қатысты мәселелер жан-жақты түсіндірілді.

Жарияланған күні: Қаң. 19, 2026
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты