• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҚАРҒАЛЫДАҒЫ КӘСІПОД…

ҚАРҒАЛЫДАҒЫ КӘСІПОДАҚ ЕСЕП БЕРДІ

📝 Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Қарғалы ауданына жұмыс сапарымен барып, аудандық кәсіподақ ұйымының есеп беру жиынына қатысты. Басқосуға әлеуметтік әріптестер, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ мүшелері жиналды.

📑Жиында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытындағы жұмыстарды атап өтті. ондай-ақ кәсіподақтың басты мақсаты – еңбек адамының мүддесін қорғау, әділ еңбекақы, қауіпсіз еңбек жағдайы мен әлеуметтік кепілдіктердің орындалуын қамтамасыз ету екеніне ерекше назар аударды.

📃Одан кейін Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Гүлнар Байменшина 2025 жылғы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, аудандық кәсіподақ құрамында 22 бастауыш ұйым бар. Кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны – 1069 адам, оның ішінде 1035-і жұмыс істейтіндер, 34-і бала күтімі бойынша демалыста. Ауданда 598 педагог, 471 кіші қызметкер және 35 жасқа дейінгі 218 жас бар. Сонымен қатар кәсіподақ тарапынан еңбек заңнамасының сақталуына тұрақты қоғамдық бақылау жүргізіліп келеді. 2025 жылы онлайн семинарлар мен кеңестердің нәтижесінде ұстаздарға 4 млн 783 мың теңгеден астам қаржы қайтарылды. Бұл кәсіподақ жұмысының нақты тиімділігін көрсетеді.

✏️Денсаулықты нығайту бағытында 104 кәсіподақ мүшесі түрлі шипажайларда демалып, ем қабылдады. Сонымен қатар Түркістан–Шымкент, Ташкент–Самарқанд, Бурабай–Зеренді бағыттарында танымдық сапарлар ұйымдастырылды. Жастармен жұмыс та жүйелі жүргізілуде. Жастар комитеті байқаулар мен спорттық жарыстар өткізіп, белсенді жас ұстаздарды ынталандырып келеді. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында көп жыл адал еңбек еткен кіші қызметкерлерге құрмет көрсетілді.

📎Жиын қорытындысында білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан білім қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталып, шипажайларға жолдама сертификаттары табысталды.

Жарияланған күні: Қаң. 20, 2026
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты