• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ КОМ…

ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбековтың қатысуымен Кәсіподақтың Жамбыл аудандық комитетінің ІІІ Пленумы өтті. Алқалы жиында аудандық комитеттің өткен жылда атқарған жұмысы қорытындыланып, алдағы міндеттер айқындалды. Пленумда аудандық комитет төрағасы Ержан Шалимбетов пен аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Бахытұлы мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен мүшелері алдында есеп берді.

Ержан Шалимбетов есептік баяндамасында 2024 жылы аудан құрамынан Тараз қаласына 14 елді мекенмен бірге 14 бастауыш кәсіподақ ұйымының ауысуы нәтижесінде мүше саны 1400 адамға азайғанын атап өтті. Соған қарамастан, бүгінде 40 бастауыш кәсіподақ ұйымын біріктіріп отырған комитет 2807 кәсіподақ мүшесін қамтып, жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарған.

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Ұжымдық шарт аясында кәсіподақ мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделері қорғалып, білім беру ұйымдарында туындаған келіспеушіліктер сотқа дейін аудандық келісу комиссиясында тараптардың өзара келісімімен шешілген. Есепті кезеңде Атқару комитетінің 5 отырысы өткізіліп, кәсіподақ мүшелерінің қатары артқан. Бұл көрсеткіш өткен жылы жөндеуден өтіп, орта мектеп мәртебесіне ие болған Ы.Алтынсарин атындағы және Шайдана мектептеріндегі штат санының ұлғаюымен де байланысты. Сонымен қатар сауықтыру шаралары, құқықтық кеңестер мен өзге де әлеуметтік қолдаулар комитет жұмысының оң имиджін қалыптастыруға ықпал еткен.

Жұмыс беруші тарап атынан сөз алған Қуаныш Бахытұлы Ұжымдық шарттың білім қызметкерлерінің құқықтарын қорғауда және қаржылық мәселелердің оң шешімін табуда маңызды рөл атқарғанын жеткізді. Оның айтуынша, білім бөліміне бөлінген қаражат көлемі 6,2 пайызға артқан. Атап айтқанда, 2024 жылы 20 млрд 190 млн теңге болса, 2025 жылы 22 млрд 221 млн теңгеге жеткен.

Сонымен бірге педагогтер мен кіші қызметкерлерді медициналық тексеруден өткізуге 2 млн 958 мың 775 теңге бөлінгенін атап өтті. Бұдан бөлек баяндамашы жоспарға сәйкес жыл ішінде атқарылған жұмыс пен педагогтердің жетістіктерімен де таныстырып өтті.

Жиын барысында Гродеково орта мектебінің директоры Марал Туғанбаева, №1 орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Шайзада Бексұлтанова және №6 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мөлдір Қырықбаева өз ұжымдарындағы атқарылған жұмыстармен бөлісті.

Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков бірыңғай ұжымдық шарттардың 2012 жылдан бері білім қызметкерлерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтіп, әлеуметтік әріптестікті нығайтуға ықпал етіп келе жатқанын атап өтті.

- Өткен жылы атқарылған жұмыс аз емес. Қатарымыз жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен толықты. Ұжымдық шарт аясында кіші қызметкерлерге емделу жәрдемақысын алу, іс жүргізушілер мен хатшыларға, автобус жүргізушілеріне қосымша ақы төлеу мәселелері шешімін тапты. Соның ішінде Жамбыл ауданы Ұжымдық шарт талаптарының басым бөлігін орындап отырған алдыңғы қатарлы аймақтардың бірі. Ендігі ретте биыл мерзімі аяқталатын құжат орнына 2027-2029 жылға арналған Ұжымдық шарт мазмұнына күш салып, әлеуметтік әріптестік аясын кеңейте түсу керекпіз, - деді Ерұлан Сәбенұлы.

Пленум барысында жазбаша түскен сұрақтарға жауап беріліп, аудандық комитеттің ағымдағы жылға арналған кіріс-шығын сметасы бекітіліп, тиісті қаулылар қабылданды. Жиын соңы марапаттауға ұласты.

 

Жамбыл облыстық ұйымы

Жарияланған күні: Қаң. 21, 2026
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты