• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ …

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА ШАҢҒЫДАН ЖАРЫС

Сала қызметкерлерінің бос уақыт тиімді ұйымдастыру мақсатында кәсіподақ жыл бойына түрлі форматта шаралар ұйымдастырады. Осындай шараның бірін «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Кербұлақ аудандық филиалы шаңғыдан жарыс өткізді.

Шара барысында Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы Жақан Дуанаев сөз алып, жыл сайын дәстүрлі түрде шаңғыдан жарыс өткізіп, педагогтар арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға күш салатынын жеткізді.

​Жарыстың бас төрешісі Ержан Нұрбеков ережемен таныстырып, ерлер мен әйелдер бөлек бақ сынайтынын жеткізіп, шаңғымен жүгіретін шақырымдарын нақтылап берді. Одан кейін мектептер мен балабақшадан келген командалық құрамының ішінде эстафеталық жарыс өтетінін хабарлады. Жарыс басталғаннан кейін белгіленген қашықтықты жылдам жүрген, аз уақытта өткен спортшы жеңімпаз атанатынын айтып, жарыс жолына шығуға дайындықты бастауды тапсырды.

​Жарыс жолына алдымен әйелдер шығып, өзара мықтыларды анықтады. Дутов атындағы орта мектептің мұғалімі Мария Чабан мен Сарыөзек орта мектебінің мұғалімі Маншук Малгаждарова шаңғыны шебер меңгергендіктерін айқын көрсетті. Ал, ерлер арасында Тастыөзек орта мектебінің педагогы Еламан Қасымхан, Көксай негізгі мектебінің мұғалімі Рауан Туғанбаев қатарластарынан оза шауып, бірінші және екінші орынға тұрақтады.

​Эстафета кезеңінде әр командадан 3 ойыншыдан қатысты. Белгіленген қашықтықты алма-кезек жүріп өтіп, команда мүшелерінің шеберліктері сыналды.

​Шара соңында командалық есепте бірінші орынды Тастыөзек орта мектебі, екінші орынды Сарыөзек орта мектебі, үшінші орынды №49 орта мектебі иеленді. Жарыс жеңімпаздарына Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалының дипломдары, кубогтар мен медальдары және бағалы сыйлықтары табыс етілді.

 

​Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы

Жарияланған күні: Қаң. 28, 2026
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты