• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ…

ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ: МҰЗДА ЖАНҒАН АЛАУ

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының ХХ ғасыр соңындағы ең маңызды тарихи белестерінің бірі. Бұл бодандық бұғауын үзуге бағытталған ұлт рухының оянуы, еркіндікке деген ұмтылыстың айқын көрінісі. Арада қырық жылға жуық уақыт өтсе де, Желтоқсанның жаңғырығы халық жадынан өшкен жоқ. Ол тарихта ғана емес, тірі куәгерлердің тағдырында сақталған ақиқат.

Сол Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың бірі Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, «Құйған орта мектебі» КММжанындағы «Балапан» шағын орталығының тәрбиешісі – Слямова Анарқан Қабілетқызы. Ол 1967 жылы 7 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Зеленое ауылында дүниеге келген. 1984–1987 жылдары Өскемен қаласындағы КСРО-ның 50 жылдығы атындағы педагогикалық училищеде білім алған. Жас студент Анaрқан сол кезеңдегі мыңдаған қазақ жастары секілді әділетсіздікке қарсы үн қосып, Желтоқсан көтерілісіне қатысқан.

Желтоқсан жай ғана алаңға шығу емес еді. Ол тоталитарлық жүйеге қарсы жасалған батыл қадам, ұлттың намысы мен ар-ожданын қорғау жолындағы күрес болатын. Қазақ жастарының бейбіт талабына күш қолданылып, талайы қудалауға ұшырады. Солардың қатарында Анaрқан Қабілетқызы да бар. 1987 жылы 5 қаңтарда педагогикалық училище комсомол комитетінің отырысының хаттамасына сәйкес, оған 1986 жылғы 16–18 желтоқсанда «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген негізсіз айып тағылып, «қатаң сөгіс, ескерту» түріндегі жаза қолданылған.

Бұл бір адамның ғана емес, тұтас бір буынның тағдырына түскен ауыр салмақ еді. Желтоқсанға қатысқандар ұзақ жылдар бойы «кінәлі» саналып, оқудан, жұмыстан шеттетілді, қоғам тарапынан әділетсіз көзқарасқа ұшырады. Бірақ уақыт шындықты жасырмады. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тарихи әділдік біртіндеп қалпына келе бастады.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңы – сол әділдіктің заңды көрінісі болды. Дегенмен, Анaркан Каблетовна бұл заң аясында тек 2022 жылдың мамыр айында, яғни 35 жылдан кейін ғана ресми түрде ақтау қағазын қолына алды. Бұл – кеш болса да, шындықтың жеңісі.

Бүгінде Анaрқан Қабілетқызы Құйған орта мектебінің жанындағы «Балапан» шағын орталығында тәрбиеші болып еңбек етуде. Отбасында - аяулы ана, адал жар, асыл әже. Үш баласы мен жеті немересінің қызығын көруде. Ол – Желтоқсан рухын жүрегінде сақтаған, тәуелсіздіктің қадірін ұрпақ санасына сіңіріп жүрген жан. Оның өмір жолы – ерлік пен сабырдың, адалдық пен төзімнің үлгісі.

Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл толуына орай Анaрқан Қабілетқызына «Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл» және «Желтоқсан ардагері» медальдарымен марапатталды. Бұл оның ғана емес, сол күндері алаңға шыққан барша ержүрек жастардың еңбегіне берілген баға.

Қырық жылға жуық уақыт өтсе де, Желтоқсан жаңғырығы бізге әлі де ой салады. Ол еркіндіктің оңайлықпен келмегенін еске салатын тарихи сабақ. Бүгінгі бейбіт өмір, көк байрағы желбіреген тәуелсіз Қазақстан сол желтоқсан құрбандарының, батыр жастарының арқасы.

Желтоқсан өткеннің еншісінде қалған оқиға емес, ол ұлт санасында мәңгі сақталатын рух. Ал сол рухтың тірі куәгерлері Анaрқан Қабілетқызы секілді жандар. Олардың өмір жолы бізге елдік пен ерліктің, шындық пен төзімнің қандай болатынын үйретеді.

Желтоқсан жаңғырығы тәуелсіздік үні. Ол үн ешқашан өшпек емес.

 

Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы

#ШҚОбілімкәсіподағы

Жарияланған күні: Ақп. 2, 2026
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты