ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Қай қоғамда болсын жас ұрпақтың дені сау, рухы мықты болып қалыптасуында ұстаздың еңбегі орасан зор. Осындай өз ісіне адал, шәкірт жүрегіне жол таба білген білікті мамандардың бірі Хромтау ауданы Қызылсу орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Құрманғазин Руслан Ахметоллаұлы.
Руслан Құрманғазин 1983 жылы 20 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1990–2001 жылдары Хромтау ауданына қарасты Қызылсу орта мектебінде білім алып, мектеп қабырғасынан-ақ спортқа деген қызығушылығымен көзге түскен. 2002–2007 жылдары Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаса, 2009–2011 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында дене шынықтыру және спорт мамандығын меңгеріп шықты.
2010 жылдан бері Қызылсу орта мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ беріп келе жатқан тәжірибелі ұстаз, педагог-зерттеуші. Ол оқушыларды салауатты өмір салтына баулып қана қоймай, спорттың түрлі бағыттары бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Әсіресе Президенттік көпсайыс, шаңғы спорты және жеңіл атлетика салаларында шәкірттерін жоғары нәтижелерге жетелеп жүр.
Ұстаз еңбегінің жемісі – тәрбиелеп отырған шәкірттерінің жетістіктері. Оның жетекшілігімен дайындалған оқушылар аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда топ жарып, жүлделі орындардан көрініп келеді. Атап айтқанда, 2018–2025 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы оқушылары арасында өткен гимназиадада оның шәкірттері жүлдегер және жеңімпаздар қатарынан түскен емес. Бұл – ұстаздың тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі.
Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, әрбір шәкіртінің қабілетін ашуға ұмтылатын Руслан Құрманғазиннің ауыл мектебінің ғана емес, тұтас өңірдің мақтанышы. Осындай жан-жақты, ізденімпаз ұстаздар барда қазақ спортының болашағы жарқын болары сөзсіз…