• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

📃Қай қоғамда болсын жас ұрпақтың дені сау, рухы мықты болып қалыптасуында ұстаздың еңбегі орасан зор. Осындай өз ісіне адал, шәкірт жүрегіне жол таба білген білікті мамандардың бірі Хромтау ауданы Қызылсу орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Құрманғазин Руслан Ахметоллаұлы.

✒️Руслан Құрманғазин 1983 жылы 20 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1990–2001 жылдары Хромтау ауданына қарасты Қызылсу орта мектебінде білім алып, мектеп қабырғасынан-ақ спортқа деген қызығушылығымен көзге түскен. 2002–2007 жылдары Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаса, 2009–2011 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында дене шынықтыру және спорт мамандығын меңгеріп шықты.

📜2010 жылдан бері Қызылсу орта мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ беріп келе жатқан тәжірибелі ұстаз, педагог-зерттеуші. Ол оқушыларды салауатты өмір салтына баулып қана қоймай, спорттың түрлі бағыттары бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Әсіресе Президенттік көпсайыс, шаңғы спорты және жеңіл атлетика салаларында шәкірттерін жоғары нәтижелерге жетелеп жүр.

📑Ұстаз еңбегінің жемісі – тәрбиелеп отырған шәкірттерінің жетістіктері. Оның жетекшілігімен дайындалған оқушылар аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда топ жарып, жүлделі орындардан көрініп келеді. Атап айтқанда, 2018–2025 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы оқушылары арасында өткен гимназиадада оның шәкірттері жүлдегер және жеңімпаздар қатарынан түскен емес. Бұл – ұстаздың тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі.

🧩Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, әрбір шәкіртінің қабілетін ашуға ұмтылатын Руслан Құрманғазиннің ауыл мектебінің ғана емес, тұтас өңірдің мақтанышы. Осындай жан-жақты, ізденімпаз ұстаздар барда қазақ спортының болашағы жарқын болары сөзсіз…

Жарияланған күні: Ақп. 2, 2026
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты