• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕУЛІ ГҮ…

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕУЛІ ГҮЛСІМ АПАЙ

Еден жуушы туралы көп жазыла бермейді. Бірақ біздің жайлы жұмыс орнымыздың тазалығын қамтамасыз етіп, бөлмемізге жайлылық сыйлайтын жандар қашанда үлкен құрметке лайық. Өкінішке орай, кейде білімді, көкірек көзі ояу, парасатты деген кейбір азаматтардың техникалық қызметкерлерге жеркенішпен қарайтыны бар. Бір ұжымда отырып, оларды бөлетінін қайтерсің. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауы оларға деген құрметті арттырып, санаға сілкініс әкелгені айқын.

Еден жуып жүргеніне ширек ғасырдан асқан Гүлсім Кубеева өз кәсібіне мақтанышпен қарайды. «Мен еден жусам, сонымен отбасымды, бала шағамды асырадым. Жұбайыма бір жағынан сүйеу болып, отбасы бюджетінің құрылуына демеу жасадым. Сөйтіп, осы жұмыстың арқасында ұл-қыздарымды жеткіздім, қатарынан кем қалдырмай жоғары білім алуларына сеп болдым. Жұмыс істеп жаман болғаным жоқ. Балаларым тәрбиелі, ауыр жұмыстың қадірін менен де жақсы біледі» дейді Гүлсім апай.

Оның Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы мектеп-лицейде жұмыс істеп келе жатқанына 25 жыл болыпты. Еңбек жолын «Балдырған» балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі болып бастаған Гүлсім апай кейін тон тігу цехында тігінші болып істеген. Милиция бөлімінде де жұмыс атқарған екен.

– Президентіміз өткен жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жайдан жай жариялаған жоқ. Еңбек адамының беделін көтеруді мақсат тұтты. Олардың жұмысын жастарға үлгі етіп көрсету арқылы қандай еңбек болса да оның қайырымы, қайтарымы болатынын көрсетті. Жұмысшы мамандықтары болмаса ауыл шаруашылығын кім игереді, жер жыртып егінді кім салады, малды кім бағады, құрылыста кім жұмыс істейді? Бәрі бір-бірімен байланысты. Біздің міндет мұғалімдердің жұмыс істеуіне, оқушылардың жақсы білім алуына жайлы, таза ортаны қалыптастыру. Байқасаңыз, біздің де қоғамның дамуына, баланың білім алуы мен тәрбиесіне қосып отырған үлесіміз зор. Мен бұл ісіме арланбаймын, еден жуып, адал табыс тауып жүргенімді мақтан тұтам, – дейді Гүлсім Аринқызы.

Еңбегі ескерусіз емес. Зейнетке шығуына екі жыл қалған Гүлсім апайды әріптестері де адалдығы үшін жақсы көреді.

- Гүлсім Аринқызы бізде ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан қызметкер. Ұжымда жастарға ақыл айтып, жөн сілтейтін үлкендеріміздің бірі. Әріптестері, жастар ол кісіні қатты сыйлайды. Былтыр «Amanat» партиясының Құрмет Грамотасымен, білім мекемесінің Алғыс хатымен марапатталды. Аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан көмек алды, Түркістан қаласына саяхаттап қайтты. Біз өз қызметкерлерімізге қолдан келгенше көмегімізді, құрметімізді көрсетіп, қолдаудан танған емеспіз.

Бүгінде 5 ұл-қызды тәрбиелеп, олардан 13 немере сүйіп отырған Гүлсім әпкенің еңбегі көпке үлгі, өнеге», – дейді мектеп-лицей директорының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Асанова.

 

Жамбыл облыстық ұйымы.

Жарияланған күні: Ақп. 3, 2026
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты