• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ…

БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МҮДДЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

☑️Бүгін Ақтөбенің Ырғыз ауданында кәсіподақ ұйымының есеп беру жиыны өтті. Маңызды басқосуға Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері, әлеуметтік әріптестер, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және сала қызметкерлері қатысты.

🧩Жиын барысында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығы, кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы және Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығы аясында атқарылған жұмыстармен қатар облыстық ұйымның өткен жылдағы қызметіне жан-жақты тоқталды. Облыстық ұйым көшбасшысы кәсіподақ қызметінің негізгі бағыты білім және ғылым саласы қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек қатынастарын тұрақтандыру және кәсіби дамуына қолдау көрсету екенін атап өтті. Сонымен қатар жұмыс берушілермен тиімді әлеуметтік әріптестік орнатылып, еңбек заңнамасының сақталуына тұрақты қоғамдық бақылау жүргізілгенін жеткізді. Сондай-ақ салалық кәсіподақтың даму концепциясында белгіленген басым бағыттар мен стратегиялық міндеттердің жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын айтты.

🖇️Өз кезегінде Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Қасымхан Әбенов 2025 жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттар бойынша кең көлемде есеп берді.

📎Бүгінде Ырғыз аудандық филиалы 14 орта мектеп, 7 негізгі мектеп, 13 мемлекеттік балабақша, 3 қосымша білім беру ұйымы және аудандық білім бөлімін қамтитын 38 бастауыш кәсіподақ ұйымын біріктіріп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша кәсіподақ мүшелерінің саны 1686 адамды құрады.

▪️Өткен жылы кәсіподақ ұйымының басты назарында еңбек заңнамасының сақталуы, ұжымдық шарттар мен әлеуметтік келісімдердің орындалуы, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері болды. 2024–2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік келісімі аясында педагогтар мен кіші қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған бірқатар нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, кіші қызметкерлер мен аспазшылардың еңбек демалысы ұзартылып, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты біржолғы өтемақылар төлеу мәселесі толықтай қалпына келтірілді. Сонымен бірге қызметкерлерді тегін медициналық тексеруден өткізу тәртібі қайта жолға қойылды.

🔸Өткен жыл ішінде еңбек қатынастарына байланысты 112 өтініш қаралып, кәсіподақ мүшелеріне тұрақты құқықтық көмек көрсетілді. Еңбек даулары әлеуметтік әріптестермен бірлескен түсіністік нәтижесінде дер кезінде шешімін тапты.

🔲Кәсіподақ мүшелерін ынталандыру бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Республикалық және облыстық деңгейде өткен түрлі байқаулар мен кәсіби жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен 117 педагог кәсіподақ ұйымының марапаттары мен сыйақыларына ие болды. Сонымен қатар мәдени-спорттық шаралар, пәндік олимпиадалар мен кәсіби байқаулар жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, шипажайларға жолдамалармен және тарихи-танымдық саяхат сертификаттарымен марапатталды.

📜Жиын барысында Б.Алманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің директоры, тексеру комиссиясының мүшесі Нұргүл Қалмағанбетова аудандық кәсіподақ ұйымының тексеру комиссиясының есебін ұсынды.

✨Басқосу соңында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова Ырғыз ауданының бірқатар үздік педагогтары мен кәсіподақ белсенділерін марапаттап, облыстық ұйымның марапаттарын, шипажай жолдамалар, ақшалай сыйақылар мен төсбелгілер табыстады.

Жарияланған күні: Ақп. 3, 2026
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты