• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ АБЫ…

АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН ҰСТАЗ

🖇️Ауыл мектебінен түлеп ұшып, республикалық деңгейде абсолютті жеңіске жету – шәкірт үшін де, оны тәрбиелеп, білім берген ұстаз үшін де зор мәртебе. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданына қарасты Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 11-сынып оқушысы Даниярбек Мағжан Нұрлыбекұлының география пәнінен екі жыл қатарынан республикалық олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атануы – соның айқын дәлелі.

📑Бұл жетістіктің негізінде 36 жылын ауыл мектебіне арнаған тәжірибелі ұстаз, география пәнінің мұғалімі Сағынбаева Асия Тельманқызының қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігі жатыр.

🗞️Асия Сағынбаева 1968 жылғы 29 қазанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Жаңақұрылыс ауылында дүниеге келген. Темірастау мектебінде білім алып, кейін Ақтөбе қаласында орта білімін аяқтады. 1985–1990 жылдары Арқалық педагогикалық институтында «Физика» мамандығы бойынша жоғары білім алды. 2016–2018 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «География» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін иеленіп, кәсіби біліктілігін тереңдете түсті.

📎1991 жылдан бері Ы.Алтынсарин атындағы мектепте үздіксіз еңбек етіп келе жатқан Асия Тельманқызы – білікті педагог, педагог-сарапшы. Ол ұзақ жылдар сынып жетекшісі және әдістемелік бірлестік жетекшісі қызметтерін атқарып, мектептің оқу-әдістемелік жұмысының дамуына елеулі үлес қосты.

📃Ұстаз сабақ барысында заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолданып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, логикалық ойлауын, зерттеушілік және талдау дағдыларын қалыптастыруға басымдық береді. Соның нәтижесінде оның шәкірттері аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі олимпиадаларда тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

🔹Даниярбек Мағжанның білім додаларындағы жүйелі жеңістері – ұстаз бен шәкірт арасындағы сенім мен табанды еңбектің жемісі. Ұстазының бағыт-бағдары мен жүйелі дайындығы оқушының өзіне деген жауапкершілігін арттырып, үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Нәтижесінде ол Қ.Сәтбаев атындағы университеттің мемлекеттік білім грантының иегері атанды.

✒️«Ұстаз – ұлттың ұйытқысы» деген сөз осындай жандарға қарата айтылса керек. Бір шәкірттің жеңісі – ондаған жылдық тынымсыз еңбектің нәтижесі. Осындай ұстаздар барда ауыл мектебінен шыққан дарынды жастардың әлі талай биікті бағындырары анық.

Жарияланған күні: Ақп. 10, 2026
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты