• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰСТАЗДЫҚҚА АДАЛДЫҚ

ҰСТАЗДЫҚҚА АДАЛДЫҚ

Қоғамның рухани және зияткерлік дамуы, ең алдымен, ұстаз тұлғасымен тікелей байланысты. Ұрпақ тәрбиесі мен білім сапасының негізі – өз ісіне адал, шәкірт жүрегіне жол таба білген, мамандығын өмірлік мұратқа айналдырған ұстаздар еңбегі. Осындай абзал жандардың бірі – Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы «№20 М.Әуезов атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұсабаева Шархат Балықбайқызы.

Шархат Балықбайқызы – ұстаздық жолды саналы түрде таңдаған, осы салада табандылықпен еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі педагог. Ұстаздық қызметіндегі 35 жылға жуық еңбек жолында ол бірнеше буын шәкірт тәрбиелеп, олардың тұлға болып қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты. Оның алдынан өткен әрбір оқушы білім ғана емес, адамгершілік, ұлттық құндылық, өмірлік бағыт-бағдар алып шықты деуге толық негіз бар.

Әріптестерінің арасында Шархат Балықбайқызы жоғары мәдениетімен, сабырлы мінезімен, адами қасиеттерімен ерекшеленеді. Ол – өз ортасында сыйлы, сөзі мен ісі үйлесім тапқан, ұжым бірлігіне әрдайым үлес қосып жүретін ұстаз. Жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, тәжірибесімен бөлісуден ешқашан жалықпайды. Қамқорлығы мен қолдауы әріптестеріне де, шәкірттеріне де бірдей сезіледі.

Шархат Балықбайқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнін терең меңгерген, әдістемелік ізденісі жоғары, кәсіби біліктілігі қалыптасқан ұстаз. Сабақ барысында оқушылардың жас ерекшелігін, қабілет деңгейін ескере отырып, білімді жүйелі әрі нәтижелі ұйымдастыра алады. Әдеби шығармаларды талдауда ұлттық рухты, тарихи танымды, көркемдік ерекшелікті шебер ұштастырып, оқушының ойлау қабілетін дамытады. Оның сабақтары мазмұндылығымен, тәрбиелік мәнімен және шығармашылық бағыттылығымен ерекшеленеді.

Ұстаздың ең басты жетістігі – шәкірті. Осы тұрғыда Мұсабаева Шархат Балықбайқызының еңбегі айрықша атап өтуге лайық. Ол жылдар бойы көптеген дарынды оқушыларды тәрбиелеп, олардың қабілетін шыңдауға ерекше көңіл бөлді. Оқушы бойындағы талантты дер кезінде танып, оны дамыту жолында қажымай еңбек ету – ұстазға тән үлкен шеберлік. Осы еңбектің нәтижесінде оның шәкірттері қалалық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадалар мен шығармашылық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, мектеп абыройын асқақтатты.

Шархат Балықбайқызы шәкірт үшін тек пән мұғалімі ғана емес, ақылшы, бағыт беруші, қамқор тұлға бола білді. Ол әр баланың ішкі жан дүниесіне үңіліп, олардың мәселесіне бейжай қарамайтын, қажет кезінде қолдау көрсетіп, сенім сыйлайтын ұстаз. Сондықтан да оның шәкірттері ұстазын ерекше құрметтеп, өмір жолында әрдайым ризашылықпен еске алады.

Ұстаздың кәсіби еңбегі мемлекет тарапынан да лайықты бағасын алды. Мұсабаева Шархат Балықбайқызы Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына, бірнеше мәрте облыстық және қалалық марапаттауларға ие болды. Сондай-ақ Ақтау қаласының 50 және 55 жылдық мерейтойлық төсбелгілері – оның білім беру саласына қосқан елеулі үлесінің айғағы.

Ұстаздық жол – үздіксіз ізденіс пен үлкен жауапкершілікті талап ететін күрделі әрі қасиетті жол. Осы жолда табандылық танытып, шәкірт тәрбиесін басты мұрат еткен Мұсабаева Шархат Балықбайқызы – өз ісінің нағыз шебері, үлгі тұтар ұстаз.

Оның өмірлік тәжірибесі, кәсіби біліктілігі мен адами болмысы жас педагогтар үшін өнеге, ал шәкірттері үшін мақтаныш.

Ұстаздық еңбектің 35 жылдық белесінде тұрған Мұсабаева Шархат Балықбайқызын әріптестері зор құрметпен бағалайды. Алдағы уақытта да оның білім саласындағы жемісті еңбегі жалғасын тауып, талай шәкірттің өмір жолына шамшырақ боларын сенім мол.

 

Р. Әбілова,

әріптесі, белсенді кәсіподақ мүшесі.

Маңғыстау облысы.

Жарияланған күні: Ақп. 12, 2026
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты