• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛ…

КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бастауыш кәсіподақ ұйымы: тиімді басқару және нәтижелі жұмыс» тақырыбында облыстық семинар өтті. Оған Жергілікті кәсіподақтың Тараз қаласы мен аудандардағы филиалдарына қарасты білім мекемелерінен бастауыш кәсіподақ ұйымдарына жаңа сайланған жетекшілері мен комитет мүшелері қатысты. 


Семинарды Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ашып, «Қоғамдағы кәсіподақ институтының мәні және ұйымға мүше болудың артықшылықтары мен тиімділігі туралы» тақырыпта қатысушылармен еркін форматта пікір алмасты. Ол кәсіподақтың негізгі мақсат-міндетін талдай отырып, еңбек қатынастарына тоқталды. Білім қызметкерлерінің құқығын қамтамасыз етуде ұжымдық шарттың рөліне басымдық берді. 


– Бүгінгі күні кәсіподақтың қоғамда алар орны зор. Облыста мүшесі көп, бірден-бір үлкен қоғамдық ұйым, бұл – білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы. Қазіргі таңда біздің ұйымға қарасты 64 мыңнан аса кәсіподақ мүшесінің құқығы ұжымдық шартпен қорғалған. Біздің басты міндетіміз – кәсіподақ мүшесінің құқығын және кәсіби мүддесін қорғау. Ол үшін әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшісі мен комитет мүшесі Ұжымдық шартта көзделген міндеттерді жақсы білуі керек, – деп атап өтті Ерұлан Сәбенұлы. 


Сұрақ-жауап түрінде өрбіген ашық пікір алмасу алаңында семинар қатысушылары да белсенділік танытты. Мұндай белсенділік келесі модераторлар жүргізген дәрістерде де байқалды. Құқықтық қызмет жетекшісі Әлия Джолшибекова білім беру ұйымының корпоративтік мәдениеті мен әлеуметтік ахуалын қалыптастырудағы кәсіподақ көшбасшысының рөлі туралы айтты.
«Ұжымдық шарттың негізінде бүгінгі күні кітапханашылар 30 пайыз үстеме ақысын әлеуметтік әріптестермен жүргізілген келісімнің аясында алып отыр. Мұндай келісулер кіші қызметкерлердің үстеме ақы алуына да мүмкіндік берді. Ал есепшілерге берілген үстеме ақыны тексеруші орган өкілдері қайта қайтару туралы шешім шығарған болатын. Бірақ біз олардың бұл шешімінің негізсіз екенін дәлелдеп, сотқа шағым түсірдік. Ол процес үш жылға созылып, нәтижесінде біз жеңіске жеттік. Сөйтіп, тағы да Ұжымдық шарттың негізінде есепшілер қосымша 30 пайыз үстемесін сақтап қалды» деді Әлия Джолшибекова. Сондай-ақ, ол бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын үйлестіру, мүшелердің құқығын қорғау, құжаттарды жүргізу бағытында кеңес беріп өтті. 


Ал Төраға орынбасары Жанболат Орынбеков білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ өкілдерінің әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі комиссиялар құрамындағы орны мен рөлі туралы сөз қозғаса, Жергілікті кәсіподақтың аппарат басшысы Бейбіт Бекназаров кәсіподақ қызметіндегі ақпараттық саясат және оң имидж қалыптастыру барысына тоқталды. Модераторлар бүгінге дейін өз тарапынан атқарылған жұмыстарды нақты деректермен, сенімді оқиғалармен және мысалдармен жан-жақты ашып, тарқатып жеткізді. 


Сұрақ-жауап бөлімінде семинар қатысушылары қойған сұрақтарға жауап берілді. Жиын соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.


Жамбыл облыстық ұйымы.

Жарияланған күні: Ақп. 26, 2026
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты