• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БАЙҚАУ ҮЗДІКТЕРІ АН…

БАЙҚАУ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі – 2026» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, озық тәжірибені анықтап, кеңінен тарату және ұстаздар арасында өзара кәсіби бәсекелестік пен шығармашылық орта қалыптастыру. Облыстық кезеңге аудандық сыннан озып шыққан үздік мұғалімдер қатысып, өз білімі мен тәжірибесін ортаға салды.
Қатысушылар заманауи оқыту әдістерін таныстырып, авторлық жұмыстарын қорғап, педагогикалық шеберліктерін жан-жақты көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.

Бас жүлде Мұғалжар ауданы Ы.Мұхамеджанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі Айса Қуанышқа бұйырды. Жеңімпазға Ташкент және Самарқанд қалаларына тарихи-танымдық саяхат жолдамасы табысталды.

І дәрежелі диплом Алға ауданы Қарабұлақ мектеп-балабақшасының мұғалімі Ханби Базарғалиға берілді. ІІ дәрежелі дипломды Қобда ауданы Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің мұғалімі Нұрай Дүйсенова иеленді. Ал ІІІ дәрежелі диплом Темір ауданы Қопа жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі Назбек Сағидоллаевқа табысталды. Жүлделі орын иегерлеріне Бурабай–Зеренді өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа  жолдама берілді.

Сонымен қатар, байқау аясында бірқатар педагогтар арнайы номинациялармен марапатталды. «Кәсіби шебер педагог» номинациясын Мәртөк ауданы Қазан жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі Дарья Кравченко иеленсе, «Шығармашыл педагог» номинациясын Ырғыз ауданы Б.Алманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі Тұрсын Әбіл иеленді. Ал «Жаңашыл педагог» номинациясы Байғанин ауданы Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінің мұғалімі Нұрханым Айбекқызына табысталды.

Аталған байқау ауыл мектептері ұстаздарының кәсіби дамуына тың серпін беріп, тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Жарияланған күні: Ақп. 27, 2026
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты