• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • АҚТӨБЕДЕ КӘСІПОДАҚ …

АҚТӨБЕДЕ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

✨Көктемнің шуақты айы – Наурыз халқымыз үшін берекелі мерекелерге толы кезең. 1 наурыз – Алғыс айту күні, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, сондай-ақ Амал мерекесі мен Ұлыстың ұлы күні де осы айда аталып өтеді. Осындай айшықты күндер аясында ұстаздарға құрмет көрсету дәстүрі жалғасын тапты.

💫Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған «Кәсіподақ: тұрақты құрмет, тұрақты қолдау» атты салтанатты шарада сала өкілдерінің еңбегі еленді. Жиынға педагогтар, әлеуметтік әріптестер, жоғары оқу орнының профессор-оқытушылары, спорттық және пәндік байқаулардың жеңімпаздары қатысты.

🗞️Дәстүрлі шара аясында жиналғандар үшін ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар асық ату, ләңгі тебу, бес тас, гір көтеру және тоғызқұмалақ сияқты ойындарға қатысып, қаржорға биін де биледі. Шараға қатысушылар белсенділік танытып, ұлттық ойындарға ерекше қызығушылықпен атсалысты.

🧩Басқосуда Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова жиналған қауымды мерекемен құттықтап, кәсіподақ ұйымының негізгі бағыттарына тоқталды. Облыстық ұйым көшбасышысы білім және ғылым саласы қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек дауларын тиімді шешу, әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру – кәсіподақ қызметінің басты міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ ұстаздардың кәсіби мәртебесін арттыру, олардың демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

🔲Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова сапалы білім беру ісі педагогтардың кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін айтып, сала қызметкерлеріне алғыс білдірді. Өз кезегінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтың басшысы Дина Жаманбаева мұғалім мамандығының қоғамдағы айрықша орнына назар аударды.

✨Салтанатты жиында әлеуметтік әріптестер «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және шипажайға жолдамалармен марапатталды.

🌟Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті қызметкерлеріне облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаттары мен обыстық кәсіподақ ұйымының ақшалай сертификаттары тапсырылды. Бұл марапаттар жоғары оқу орны ұжымының өңірдегі білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесін айғақтайды.

⚡️Шара аясында 50 педагогқа Сарыағаш өңіріндегі шипажайға жолдама ұсынылды. Марапаттар ұстаздардың көп жылғы еңбегі мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуының нәтижесі ретінде табысталды. Сонымен қатар 50-ге жуық білім қызметкері тарихи-танымдық сапарларға жолдама алды. Олар Ташкент және Самарқанд қалаларына, сондай-ақ Бурабай мен Зеренді өңірлеріне саяхат жасайды. Мұндай бастамалар ұстаздардың мәдени-рухани демалысын ұйымдастыруға бағытталған.

🎼Мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жарияланған күні: Наурыз 13, 2026
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты