• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІН…

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ - БАСТЫ НАЗАРДА

📂 Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі, А.Жұбанов атындағы музыка колледжі және Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің келісім комиссиясы мүшелеріне мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына, кадр қызметкерлеріне, заңгерлерге семинар өткізді. Шара «Еңбек даулары, олардың туындау себептері және келісім комиссиясында қарау тәртібі. Ұжымдық шарт. Еңбек қауіпсіздігі – басты мүдде» тақырыптарын қамтыды.

🖇️ Семинардың мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек заңнамасының негізгі талаптарын түсіндіру, сондай-ақ ұжымдық шарт пен келісім комиссиясының жұмыс тәртібі туралы кеңінен ақпарат беру.

📖 Семинар барысында облыстық ұйымның заңгерлері Александр Алимпиев пен Нұрлан Жетпісбай еңбек және әлеуметтік құқықтарды қорғау тетіктерін түсіндіріп, еңбек дауларының негізгі себептеріне тоқталды. Сонымен қатар келісім комиссиясының қызметі, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі, келіссөз жүргізу мәдениеті және дауларды жанжалсыз шешу жолдары талқыланды. Кәсіподақ заңгерлері ұжымдық шарт міндеттемелерінің орындалуы туралы ақпарат беріп, жүктемеге байланысты еңбекақы, үстемеақы және жәрдемақы төлеу тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ жұмысшы мен жұмыс берушінің міндеттері нақты айтылды.

📕 Айта кетейік, семинар Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының 17-бабы 5-тармағына сәйкес ұйымдастырылды. Қатысушылар оның практикалық маңызын атап өтіп, мұндай шаралар еңбек дауларын заң аясында тиімді шешуге және қызметкерлердің құқықтарын қорғауға ықпал ететінін жеткізді.

🖇️ Семинардан кейін облыстық ұйым өкілдері Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінде қоғамдық бақылау жүргізді. Бақылау барысында еңбек қатынастарына қатысты ішкі құжаттар сараланып, еңбек және ұжымдық шарттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі тексерілді.

Жарияланған күні: Наурыз 19, 2026
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты