• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

✅Адал еңбек – кез келген істің берекесі мен табысының негізі. Әсіресе, мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет ететін мамандардың еңбегі – ұрпақ тәрбиесінің іргетасын қалайтын маңызды міндет. Осындай абыройлы жолда табандылықпен еңбек етіп келе жатқан жандардың бірі – Байғанин ауданындағы «Қарауылкелді» бөбекжай-балабақшасының әдіскері Әбішева Гүлсім Нұржігітқызы.

❇️Гүлсім Әбішева 1984–1988 жылдары Гурьев педагогикалық институтында «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1988 жылы Ақтөбе қаласындағы балалар үйінде бастап, кейін 1989–1995 жылдары Байғанин ауданының «Қарауылкелді» балалар бақшасында қызмет атқарды. 2001 жылдан бері аталған бөбекжай-балабақшада абыройлы еңбек етіп келеді.

✳️32 жылдық тәжірибесі бар білікті маман бүгінде «педагог-сарапшы» санатында еңбек етуде. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарап, баланың бойына мейірім, адамгершілік, білімге құштарлық сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге бар күш-жігерін жұмсап келеді. Ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп, әріптестеріне бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздың еңбегі зор құрметке лайық.

🔰Кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегі елеусіз қалған емес. Ол Ақтөбе облысының білім басқармасы мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының Алғыс хаттары және Құрмет грамоталарымен марапатталған. Сонымен қатар «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері.

♻️Ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосып жүрген мұндай еңбек адамдары – қоғамның мақтанышы. Адал еңбегімен елге үлгі болып жүрген жандардың еңбегі әрдайым жоғары бағалануға тиіс.

Жарияланған күні: Наурыз 20, 2026
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты