• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ…

БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РУХАНИ САЯХАТТА

✅Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен ұстаздарға арналған тарихи-танымдық сапар ұйымдастырылды. Ташкент–Самарқанд бағыты бойынша өткен бұл саяхат білім саласының үздік мамандарына көрсетілген құрмет пен қолдаудың жарқын көрінісіне айналды.

▫️Аталған сапар жуырда өткен “Кәсіподақ: тұрақты қолдау, тұрақты құрмет” атты дәстүрлі салтанатты шарада марапатталған үздік білім қызметкерлеріне табысталған жолдамалар негізінде ұйымдастырылды. Мерекелік жиында білім беру саласында жемісті еңбек етіп, жоғары жетістіктерге жеткен 30 ұстазға көктемгі каникул кезеңінде көрші мемлекетке жолдама табысталған еді. Олардың қатарында әдіскерлер, психологтар, әлеуметтік педагогтар, мектеп директорларының орынбасарлары және пән мұғалімдері бар.

📝Саяхат барысында ұстаздар Өзбекстанның көне әрі көрікті қалаларын аралап, тарихи-мәдени мұралармен жақын танысуға мүмкіндік алды. Алғашқы күні саяхатшылар Самарқанд шаһарындағы бірқатар тарихи нысандарды тамашалады. Олар Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовтің кесенесіне барып тағзым етіп, Бибі-Ханым мешіті, Әмір Темір кесенесі мен мұражайы, сондай-ақ әлемге әйгілі Регистан алаңы мен Шахи-Зинда қорымының сәулеттік ерекшеліктерімен танысты. Орта Азияның інжу-маржаны саналатын бұл қала қонақтарға ерекше әсер сыйлады.

📃Сапардың келесі күні Ташкент қаласында жалғасын тапты. Мұнда ұстаздар Ұлы жүздің биі Төле би кесенесіне барып, рухына құран бағыштады. Сонымен қатар, ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын тамашалап, қаланың заманауи келбетін айшықтайтын Сеуіл саябағы, Tashkent City және Magic City туристік кешендерін аралады.

❇️Айта кету керек, саяхат барысында қатысушыларға тәжірибелі гид жол көрсетіп, әрбір тарихи және мәдени нысан туралы кеңінен мағлұмат беріп отырды. Бұл өз кезегінде ұстаздардың таным көкжиегін кеңейтіп, көрші мемлекеттің әсем жерлері мен бай тарихын тереңірек тануына арқау болды.

Жарияланған күні: Наурыз 26, 2026
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты