• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

📚Ұстаз – жас ұрпақтың болашағын қалыптастырып, оларға дұрыс бағыт-бағдар беретін қоғамдағы ең маңызды тұлғалардың бірі. Осындай абзал жандардың қатарында Аязбаев Серік Еркінұлының орны ерекше.

▪️Аязбаев Серік Еркінұлы — 1967 жылы 7 қазанда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын совхозында дүниеге келген. Білім жолын 1974–1982 жылдары Жданов атындағы орта мектебінде бастап, кейін 1982–1986 жылдары Алматы политехникумында жалғастырды.

📋Еңбек жолын 1988 жылы өзі білім алған Жданов атындағы орта мектебінде еңбек пәні мұғалімі болып бастаған ол, 1996 жылдан бастап Алға ауданы Бестамақ орта мектебінде қызметін жалғастырып келеді. Ұстаздық жолында ол тек білім беріп қана қоймай, шәкірттерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға да ерекше көңіл бөледі.

📝2018 жылдан бастап Серік Аязбаев «Робототехника» үйірмесіне жетекшілік етіп келеді. Ол – оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырған «Робо-көкпар» роботтар ойынының авторы. Ұстаздың жаңашыл бастамалары шәкірттердің техникаға деген қызығушылығын арттырып, олардың заманауи білімді игеруіне жол ашты.

🖇️2019–2020 жылдары үйірмеге қатысатын оқушылардан құралған «The Best» командасы «Робо-футбол» ойыны бойынша облыстық жарыстарда бірінші орын алып, чемпион атанды. Сонымен қатар, «Робо-көкпар» ойыны бойынша Бестамақ орта мектебінің «Көк бөрі» командасы облыстық үш чемпионатқа қатысып, екі рет бірінші орын, бір рет екінші орын иеленіп, жүлделі кубоктарға қол жеткізді.

▪️Ұстаздың жетекшілігімен үйірме оқушылары түрлі байқауларға қатысып, республикалық деңгейде де жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Бұл – мұғалімнің еңбегі мен шәкірттерге берген сапалы білімінің айқын дәлелі.

▫️Серік Аязбаев оқушыларға тек роботтарды құрастыру мен бағдарламалауды ғана үйретіп қоймай, олардың болашақ мамандықты дұрыс таңдауына бағыт-бағдар береді. Оның басты ұстаздық ұстанымы – оқушыларға кәсіптік бағдар беру, саналы түрде мамандық таңдауға көмектесу және қателеспеуге үйрету.

📃Осындай еңбекқор, жаңашыл ұстаздардың арқасында еліміздің болашағы жарқын болмақ.

Жарияланған күні: Сәуір 1, 2026
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты