• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӨШБАСШЫНЫҢ КЕМЕЛ Ж…

КӨШБАСШЫНЫҢ КЕМЕЛ ЖОЛЫ

✔️ Көшбасшының кемел жолы – саналы ғұмырын Ақтөбе облысы Байғанин ауданының білім беру саласына арнаған Жұмабаева Зада Сайлаубайқызының өнегелі еңбегінен айқын көрінеді. Ол бүгінде Қарауылкелді ауылындағы «Шаттық» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі. Жалпы еңбек өтілі – 42 жыл.

✅Еңбек жолын 1984 жылы Қарауылкелді балалар бақшасында тәрбиеші болып бастап, 1997 жылға дейін осы қызметті абыроймен атқарды. Кейін №3 Қарауылкелді орта мектебінде үйірме меңгерушісі, аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет етті. 2005–2016 жылдары аудандық оқушылар үйінің директоры болып, басқарушылық тәжірибесін шыңдады. Ал 2016–2023 жылдары «Қарауылкелді» бөбекжай-балабақшасын басқарса, 2023 жылдан бері «Шаттық» балабақшасының басшысы.

☑️Ол мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім алған. Ұзақ жылғы тәжірибесі мен біліктілігінің арқасында басқарып отырған ұжымдарда әрдайым тәртіп, жүйелілік және нәтижелілік қалыптасқан. Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен жаңашыл бастамалары білім сапасының артуына оң әсерін тигізіп келеді.

📑Әріптестері Зада Жұмабаева талапшыл, әділ әрі жанашыр басшы ретінде жоғары бағалайды. Ол жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, өз тәжірибесімен бөлісіп, тәлімгерлік қызметті де абыроймен атқарып келеді.

♦️Саналы ғұмырында ол Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен, түрлі алғыс хаттармен, облыстық білім басқармасы мен әдістемелік орталықтың марапаттарымен бірнеше рет марапатталған.

🔰Жұмабаева Зада Сайлаубайқызы – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ұрпақ тәрбиесін өмірлік мұратына айналдырған білікті басшы. Оның еңбегі – жас ұрпаққа үлгі, ел игілігі жолындағы адал қызметтің жарқын көрінісі.

Жарияланған күні: Сәуір 3, 2026
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты