• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

🔸Жас ұстаз – ел болашағын тәрбиелейтін, жаңашылдық пен ізденісті қатар алып жүретін тұлға. Осындай талапқа сай, өз ісіне адал хромтаулық жас мамандардың бірі – Чепеленко Екатерина Вячеславовна.

☑️Екатерина Чепеленко ұстаздық жолды бала кезінен таңдаған. Ол 2001 жылы Ақтөбе облысындағы кеншілер қаласы Хромтауда мұғалім мен инженер отбасында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ белсенділігімен көзге түскен ол түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында болды. Сонымен қатар хореография студиясын тәмамдап, биге де қызығушылық танытқан. Алайда уақыт өте келе әдебиетке деген сүйіспеншілігі басым түсіп, болашақ мамандығын осы бағытта таңдады.

🧩2018 жылы №4 орта мектепті «Алтын белгімен» тәмамдап, ҰБТ-дан жоғары балл жинаған Екатерина Ресейдегі Самара ұлттық-зерттеу университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Төрт жылдық білімін сәтті аяқтаған соң, туған елге оралып, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас мұғалімі ретінде еңбек жолын бастайды. 2025 жылы магистратураны тәмамдады.

🔆Еңбек жолының алғашқы күндерінен бастап-ақ ол мектеп өміріне белсене араласып, сынып жетекшісі ретінде оқушыларымен тығыз жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар кәсіби байқауларға қатысып, оқушыларымен ғылыми жобалар дайындауға ерекше көңіл бөледі. Ол облыстық «Педагогикалық идеялар фестивалінде» ІІІ дәрежелі дипломға ие болса, аудандық «Орыс тілі пәнінің үздік мұғалімі» байқауында І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ республикалық пәндік олимпиадада мұғалімдер арасында І дәрежелі диплом иеленді.

▫️Әріптестері арасында да Екатерина Чепеленко беделді маман ретінде танылған. Ол пәндік апталықтарда, шығармашылық байқауларда, зияткерлік марафондарда белсенділік танытып, мектеп өміріне серпін беріп келеді.

▫️Ол – аяулы ана, сүйікті жар. Жолдасымен бірге кішкентай қыз тәрбиелеп отыр. Жас ұстаздың алдағы жоспары ауқымды. Оның кәсіби жолында әлі талай биік белестер мен жетістіктер күтіп тұр. Ең бастысы – өз мамандығына деген сүйіспеншілік пен адалдық. Осындай қасиеттер жас маманды үлкен табыстарға жетелері сөзсіз…

Жарияланған күні: Сәуір 7, 2026
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты