• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

♦️Ұстаз – ұлттың рухани тірегі, жас ұрпақтың бойына білім мен тәрбие дарытатын қасиетті мамандық иесі. Осындай жауапты жолды абыроймен атқарып келе жатқан тәжірибелі педагогтардың бірі – Қарағұлова Бибігүл Бақытжанқызы.

⏺️Бибігүл Қарағұлова — 1966 жылы 28 мамырда Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал селосында дүниеге келген. 1983–1989 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының жаратылыстану-математика факультетін тәмамдап, жоғары білім алды.

🔘Еңбек жолын білім беру саласына арнап, 1996 жылдан бері Ойыл қазақ орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 34 жыл. Осы уақыт ішінде ол өзін тәжірибелі, білікті, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаз ретінде танытты.

☑️Ұстаз еңбегінің нәтижесі – шәкірт жетістігі. Оның оқушылары республикалық және облыстық деңгейдегі ғылыми жобалар мен байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Атап айтқанда, республикалық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсында І орын, облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жүлделі орындар, сондай-ақ түрлі республикалық байқаулар мен ғылыми форумдарда жоғары дәрежелі дипломдар иеленген. Бұл – ұстаздың оқушыларды ғылым мен ізденіске баулудағы табанды еңбегінің айқын дәлелі.

⚪️Кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын педагог ретінде ол біліктілік арттыру курстарынан жүйелі түрде өтіп келеді.

🟤Бибігүл Қарағұлова – тәжірибесімен бөлісуден жалықпайтын, әріптестеріне қолдау көрсететін ұстаз. Ол желілік қоғамдастық аясында белсенді жұмыс жүргізіп, ашық сабақтар, шеберлік сыныптар ұйымдастырып, семинарлар мен конференцияларға қатысып келеді. Ұзақ жылғы еңбегі елеусіз қалмай, облыстық білім басқармасы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан Алғыс хаттармен марапатталған.

🔹Әріптестері мен шәкірттері арасында сыйлы, адамгершілігі жоғары, қарапайым әрі жауапкершілігі мол ұстаз ретінде танылған Бибігүл Бақытжанқызы жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп келеді. Ол алдағы уақытта да ұрпақ тәрбиесі жолында аянбай еңбек етіп, білімді де бәсекеге қабілетті жас буынды тәрбиелеуге өз үлесін қоса бермек.

Жарияланған күні: Сәуір 9, 2026
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты