• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

✅Ұзақ жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп, саналы ұрпақ қалыптастыру жолында табанды еңбек етіп келе жатқан еңбек пәнінің мұғалімі – Төлегенова Гүлсара Мәтжанқызы.

🖇️Төлегенова Гүлсара Мәтжанқызы — 1967 жылы 13 тамызда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында дүниеге келген. 1985–1988 жылдары Ақтөбе индустриальды педагогикалық техникумында білім алып, еңбек жолын Байғанин ауданындағы №2 Қарауылкелді орта мектебінде бастады. Кейін бұл білім ордасы Т.Жармағамбетов атындағы орта мектеп болып аталды. Бір салада, бір мектепте үздіксіз қызмет етіп келе жатқанына бүгінде 38 жыл толды.

🔰Ұстаз – өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, әр оқушының жүрегіне жол таба білетін білікті маман. Оның әр сабағы тек білім берумен шектелмей, оқушыларды еңбекке баулуға, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа және өмірге қажетті дағдыларды меңгеруге бағытталған. Жылдар бойғы қажырлы еңбегінің нәтижесінде оның шәкірттері өмірден өз орындарын тауып, еңбекке деген құрметті бойларына сіңіріп келеді.

📚Еңбегі еленіп, ұстаз 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, 2022 жылы Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Құрмет грамотасымен, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтың Алғыс хатына ие болып, іс-тәжірибесі облыс көлемінде таратылды.

☑️Ұстаздың жетекшілігімен оқушылар да жоғары жетістіктерге жетіп келеді. Атап айтқанда, республикалық «Бояулар құпиясы», облыстық «Ғажайып әлем», «Ұлттық салт-дәстүр: кеше, бүгін, ертең» байқауларында І дәрежелі дипломдарды иеленді.

📋Төлегенова Гүлсара Мәтжанқызы – әр сабағын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларға еңбектің қадірін ұғындыра білген үлгілі ұстаз. Оның көпжылдық тәжірибесі, даналығы мен шәкірттеріне деген шынайы жанашырлығы әріптестері мен оқушыларының зор құрметіне бөленіп отыр.

⚜️Еңбек пен тәрбие ұштасқан жерде ғана болашақ нық қалыптасады.

Жарияланған күні: Сәуір 9, 2026
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты