• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

📚Ұстаз – тек пәнді үйретуші ғана емес, шәкірт жүрегінде із қалдыратын, адамгершілік пен еңбекқорлыққа баулитын тәлімгер. Алғалық білім ордасында осындай қасиеттерді бойына сіңірген ұстаздардың бірі — Күндей Бөлекбаева.

📜1975 жылы 8 наурызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды ауылында дүниеге келген Күндей Бөлекбаева 1992–1994 жылдары Қ.Жұбанов атындағы педагогикалық институтты «Термеші ұстаз» мамандығы бойынша тәмамдады. Алғашқы еңбек жолын 1994 жылы Бестамақ орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Кейін 1999–2002 жылдары Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінде кәсіби білімін тереңдетіп, музыка пәні мұғалімі мамандығын аяқтады.

📋Өз ісінің шебері әрі шығармашыл педагог ретінде танымал Күндей Бөлекбаева шәкірттерін тек біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін ашуға және рухани дамуына ерекше көңіл бөледі. Оның жетекшілігімен оқушылар облыстық және республикалық байқауларда үздік нәтижелерге жеткен. 2022 жылы облыстық музыка пәні олимпиадасында І орын алып, сол жылы І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасында ІІІ орын иеленді. 2023 жылы музыка пәні олимпиадасында ІІ орын алып, республикалық «Тәуелсіз Қазақстан» балалар мен жастар шығармашылық байқауына ерекше дарын дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2024 жылы «Үздік музыка пәнінің мұғалімі» республикалық байқауына қатысып, І дәрежелі дипломға ие болды. Сол жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығынан және «Ақтөбе-дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығынан Алғыс хат алды.

🧩Күндей Бөлекбаеваның еңбегі бірнеше мәрте жоғары бағаланған. 2017 жылы Ақтөбе облысы білім басқармасы, 2022 жылы Алға аудандық білім бөлімі, 2025 жылы Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы Құрмет грамотасымен марапаттады. Сол жылы Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы оны Түркістан қаласына тарихи-танымдық саяхатқа баруға сертификатпен марапаттады.

📝Қорыта келгенде, Күндей Бөлекбаева нағыз өз ісінің шебері, шығармашыл педагог және шәкірт жүрегінде із қалдыратын ұстаз.

Жарияланған күні: Сәуір 9, 2026
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты