• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІН…

«КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ: БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ТӨРАҒАСЫНЫҢ РӨЛІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР

Кәсіподақ белсенділерін жүйелі түрде оқыту – кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін сапалы әрі білікті қорғаудың кепілі. Осы мақсатта Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы филиалдарды аралап, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған семинар ұйымдастыруда.

«Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары: бастауыш ұйым төрағасының рөлі мен жауапкершілігі» тақырыбындағы семинар Көксу ауданында жалғасты.  Құрамында 42 бастауыш ұйымы бар филиал аталған семинарды Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында өткізді.

Кәсіподақ мүшелерінің кәсіби дамуы мен біліктілігін арттыру үшін ұйымдастырылған шараны Көксу аудандық филиалдың төрағасы Дина Нүсіпова ашып, бастауыш ұйымдардағы төрағалардың жауапкершілігі мен атқаратын қызметі жайында сөз етіп, семинар жұмысының мақсатын айқындап берді.

Облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы Алуа Қабдулова кәсіподақтағы іс қағаздарының рәсімделуі, хаттамалардың толтыру реті, құжаттардың жинақталуы, бұқаралақ ақпарат  құралдарымен байланысы туралы ақпарат беріп, кәсіподақтың тиімді тұстарын ашып көрсетті.

Қ. Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жадыра Абишева  өзінің тәжірбиесімен бөлісті. Жұмысты жоспарлау, туындайтын мәселелердің шешілу жолдарын, кәсіподақ мүшелерінің белсенділіктерін арттырудағы белсенді жұмысын таныстырды.

Ал, облыстық ұйымның заңгер-кеңесшісі Әсет Қайырхан білім саласындағы өзгерістер туралы баяндап, педагогтарға еңбекақы төлеу, апталық жүктемені бөлу, қосымша жүктемелерді орындау, ұжымдық шарттың маңыздылығы, заңсыз жұмыстан шығару, тегін медициналық тексеруден өту сынды маңызды мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар келісім комиссиясының мүшелерін оқыту жұмыстары тұрақты жүргізілгенін жеткізді.

Семинар соңында туындаған сұрақтарға кәсіподақ өкілдерін жауап берді. Маңызды шара алдағы уақытта да жалғасатын болады.

 

Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымы

Жарияланған күні: Сәуір 15, 2026
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты