КӘСІПОДАҚ ҚОЛДАУЫ - ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПІЛІ
✔️“Қалың қалай, бастауыш?” жобасы аясында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері “№2 қалалық психологиялық медициналық-педагогикалық консультация” КММ-де болып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына құқықтық және әдістемелік қолдау көрсетті.
🎯 Іс-шараның басты мақсаты – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру, сондай-ақ еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды күшейту болды.
📘 Кездесу барысында кәсіподақ өкілдері ұйым құжаттамаларын зерделеп, оларды тиімді әрі жүйелі жүргізу бағытында өз ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, кәсіподақ қызметінің нәтижелілігін арттыруға бағытталған пайдалы кеңестер берілді.
📊 Қоғамдық бақылау шеңберінде еңбек қатынастарына байланысты құжаттар қаралып, ұжымдық шарттың орындалу деңгейі мен қызметкерлердің құқықтарының сақталуы назарға алынды.
🤝 Сондай-ақ кәсіподақ мүшелерімен ашық форматта кездесу ұйымдастырылып, еңбек және әлеуметтік мәселелерге қатысты жан-жақты құқықтық түсіндірмелер ұсынылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық жұмыстардың жүйелі жүргізілетіні және кәсіподақтың мүшелермен тәулік бойы байланыста болуға әрдайым дайын екені атап өтілді.
☑️Ашық кездесу кезінде кәсіподақ мүшелері педагогтардың құқықтары мен еңбек жағдайларына байланысты маңызды сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-