КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АШЫҚ ДИАЛОГ
🖇️ «Қалың қалай, бастауыш?» жобасы аясында Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес ұйым төрағасы Жумагүл Жұмабаева мен есепші Айнагүл Маманова Ембі қаласындағы №2, №3, №7 жалпы білім беретін орта мектептерінде және Жем қалалық жалпы білім беретін орта мектебінің ұжымдарымен кездесулер өткізді.
🔰Негізгі мақсат – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыру және ұжымдармен тығыз байланыс орнату болды.
📋 Кездесу барысында білім беру мекемелерінде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізіліп, кәсіподақ қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар мәселелер қаралды. Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілді.
💬 Сондай-ақ, жиын барысында кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелері кеңінен талқыланып, ұжым мүшелері өз ой-пікірлерімен бөлісті. Ашық форматта өткен кездесу барысында қатысушылар көтерілген мәселелерге қатысты ұсыныстарын жеткізіп, өз көзқарастарын білдірді.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-