ТӘЖІРИБЕ МЕН ТАЛАНТ ТОҒЫСҚАН БАЙҚАУ
✔️Қобда және Байғанин аудандарында кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» республикалық байқауының аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті.
🖇️Аталған байқаудың басты мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде заманауи тәсілдерді тиімді енгізу, озат педагогикалық тәжірибелерді анықтап, оларды насихаттау және кеңінен тарату болып табылады.
📃Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибелі тәрбиешілері қатысып, өзара бақ сынасты.
⚜️Байқау барысында педагогтар өздерінің кәсіби шеберліктерін, шығармашылық ізденістерін және заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдана білетіндіктерін көрсетті. Қатысушылар ұсынған жұмыстар мазмұндылығымен және жаңашылдығымен ерекшеленді.
✅Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған педагогтар жүлделі орындармен және түрлі номинациялармен марапатталды. Сонымен қатар жеңімпаздарға аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды. Бас жүлде иегеріне тарихи-танымдық саяхатқа жолдама берілсе, жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар ұсынылды.
🔳Аталған байқау педагогтардың біліктілігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік берді.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-