ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ
Алға ауданында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай маңызды іс-шара өтті. Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұрлан Шындаулет №3 Алға қазақ орта мектебінде дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Аталған жиынның басты мақсаты – ұстаздардың құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелерін кеңінен түсіндіру болды. Іс-шара барысында педагогтардың еңбек заңнамасына қатысты білімдерін жетілдіру, өз құқықтарын тиімді пайдалану жолдары талқыланды.
Дөңгелек үстелге қатысқан ұстаздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар еңбек қатынастары, қауіпсіздік талаптары және кәсіподақтың рөлі жөнінде пайдалы ақпараттар ұсынылды.