ЖАСАМПАЗ ҰСТАЗДАР БАЙҚАУЫ
Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының және білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» атты кәсіби шеберлік байқауы өз мәресіне жетті.
Бұл байқау — ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақтың тіл мен әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздардың тәжірибесі мен кәсіби біліктілігін сарапқа салған маңызды алаң болды. Байқау барысында қатысушылар өздерінің әдістемелік шеберлігін, шығармашылық ізденісін және педагогикалық тәжірибесін жан-жақты танытты.
Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып, І орынды Дамира Әліпбай (№4 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебі), ІІ орынды Сабира Смайлова (Саржансай жалпы орта білім беретін мектебі), ІІІ орынды Салтанат Оспанова (Қаратоғай жалпы орта білім беретін мектебі) еншіледі.
Ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы дипломдармен және кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтарымен марапаттады.