• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

 

📚Ұстаз – қоғам дамуының негізін қалайтын, жас ұрпақтың бойына білім мен тәрбие дарытатын басты тұлға. Осындай жауапты да қасиетті мамандықты абыроймен атқарып жүрген жандардың бірі – Жақупова Әсемхан Темірбекқызы.

🧩Әсемхан Жақупова — 1974 жылы 25 маусымда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты Тәуіп ауылында дүниеге келген. Қаракөл орта мектебін тәмамдаған соң, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтында «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша жоғары білім алады.

✔️Еңбек жолын 2007 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде оқытушы ретінде бастаған ол, кейін отбасылық жағдайға байланысты Байғанин ауданына қоныс аударады. 2014 жылы аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде әдіскер қызметін атқарып, тәжірибесін шыңдай түседі. Ал 2016 жылдан бері №2 Қарауылкелді орта мектебінде «Тарих» және «Құқық негіздері» пәндерінен сабақ беріп келеді.

📃Білікті ұстаз өз жұмысында оқушылардың тек білім алуына ғана емес, олардың құқықтық сауаттылығы мен жан-жақты дамуына ерекше мән береді. Әр шәкіртінің қабілетін ашып, жетістікке жетелеуді басты мақсат еткен педагог жүйелі еңбегінің нәтижесінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Оның шәкірттері түрлі деңгейдегі білім бәйгелерінде топ жарып, мектеп абыройын асқақтатуда.

✔️Айта кетейік, ұстаз Әсемхан Жақупованың шәкірттері де биік белестерді бағындырып келеді. Соның жарқын дәлелі – №2 Қарауылкелді орта мектебінің 10-сынып оқушысы Рамазан Досмұханбетовтің жетістігі. Ол қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, «Үздік ауыл мектебінің оқушысы – 2026» атағына ие болды. Құқық негіздері пәніне деген терең қызығушылығы мен табандылығының арқасында бірнеше мәрте облыстық және республикалық деңгейде топ жарып, жүлделі орындарға ие болған Рамазан – ұстазының сапалы еңбегінің жемісі. Мұндай жетістіктер – ұстаз бен шәкірт арасындағы тығыз байланыстың, жүйелі білім мен бағыт-бағдардың нақты көрінісі.

🧩Әсемхан Жақупова – өз ісіне адал, ізденімпаз әрі жаңашыл ұстаз. Шын мәнінде, ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ол – жас ұрпақтың бағыт-бағдарын айқындайтын рухани жетекші. Осындай жандардың еңбегі ел болашағының жарқын болуына негіз қалайды.

Жарияланған күні: Сәуір 28, 2026
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты