НАЙМАНБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕГІ СЕМИНАР
Абай облысының оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Мақаншы аудандық комитетінің ұйымдастыруымен «Жағымды психологиялық жұмыс ортасы: өркендеген қызметкерлер мен күшті ұйымға апаратын жол» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға мектеп директорларының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарлары мен қауіпсіздік ісіне жауапты мамандар қатысты.
Шара барысында:
- "Сахариев атындағы Бақты орта мектеп-бақшасы" КММ қауіпсіздік ісіне жауапты маманы Алия Сейлыхановна өз тәжірибесімен бөлісті;
- "Мақаншы орта мектеп-бақшасы" КММ психологы Айман Оралхановна қатысушыларға ерекше әсер сыйлаған тренингтер ұйымдастырды;
- Найманбай мектебінің жас ұстазы Толғанай Бақытжанқызы шараны жоғары деңгейде жүргізіп, пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Семинар аясында қатысушыларға жаднамалар таратылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалып, тиісті жауаптар берілді.
Осындай мазмұнды кездесулер кәсіби дамуға серпін беріп, ұжымдағы жағымды психологиялық ахуалды нығайта түсетіні сөзсіз.
Мамытханов Д.Т.
«Мақаншы аудандық комитеті»
филиалының төрағасы