ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
2026 жылғы 28 сәуірде «Абай облысы білім басқармасы» ММ «Дарын» дарындылықты дамыту және қосымша білім беру облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК базасында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай бастауыш кәсіподақ ұйымымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Шараға барлық 60 кәсіподақ мүшесі қатысты.
Бағдарлама аясында «Қолдау күші: біз бір-бірімізге қандай атмосфера қалыптастырамыз» тақырыбында мотивациялық тренинг, семинар-тренинг және кәсіби күйіп кетудің алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар жоғары жүктеме жағдайында тиімді жұмыс істеу, сондай-ақ ұжымдағы «адами» қарым-қатынастың маңыздылығы туралы өзекті мәселелерді талқылады. Қарым-қатынас экологиясының негізгі қағидаттары ұсынылып, қызметкерлердің эмоционалдық жағдайына назар аудару, ашық коммуникация орнату және өзара қолдау көрсету мәдениетін дамыту мәселелері көтерілді.
Педагог-психологтер ұйымдастырған практикалық тренингтер мен командалық ойындар қатысушылардың бір-бірімен тиімді қарым-қатынас орнатуына, сенім мен қолдау атмосферасын қалыптастыруға ықпал етті. Әсіресе «Жылы атмосфера дәлізі» жаттығуы кәсіподақ мүшелері арасында жағымды эмоциялық байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қызметкерлерге кәсіби күйзелістің алдын алу бойынша нақты ұсынымдар беріліп, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған әдістемелік материалдар таратылды.
Нуркасымов Д.Т., Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы